247media.kz ақпарат агенттігі

Біз 2016 жылы интернет кеңістігінде қазақ тілді сауатты ақпаратты көбейту мақсатында 247media.kz ақпарат агенттігін ашқан болатынбыз. Аз уақыттың ішінде сайтымыздың танымалдылығы артып, 2017 жылы «Ең үздік қазақ тілді сайт» сыйлығын жеңіп алды. Оқырмандар саны тәулігіне 15-20 мың адамға дейін өскені тағы бар. Десек те, 2020 жылы қаржылық қиындықтарға байланысты портал жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Биыл барлық мәселені оңтайлы шешіп, жұмысымызды қайта жандандырдық. Дәл қазір сайтымыздың оқырмандарының саны тәулігіне 2000-5000 қолданушы аралығында. Келешекте негізгі аудиторияны қамтып, биік жетістіктерді бағындыра аламыз деген сенімдеміз!