Қазақстан-Өзбекстан шекарасын шегендеу туралы заңға қол қойылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2022 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау бойынша жұмысты жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының тиісті жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14362174 сілтеме бойынша «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз