Мемлекет басшысының қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Елордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы басталды.
«Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік», — деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Президент елімізде конституциялық реформа жүргізу арқылы жүйені толық өзгертуге қадам жасалғанына тоқталып өтті. Атап айтқанда, Президент енді бір мерзімге және 7 жылға ғана сайлана алады. Сонымен қатар, Парламенттің қос палатасының құзіреті мен қызметі қайта қаралды. «
«Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды», — деді Президент.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз