СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЖАЛЫНДАП ӨТКЕН ЖАС ҒҰМЫР» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
Теміртаудағы №1 кітапхана филиалында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты әдеби кеш болып өтті. Бұл шараға №17 ЖББМ-інің 8 «ә» сынып оқушылары және мектептің кітапханашысы Байжігітова Ж.Н қатысты.
Шараның мақсаты — Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі, шығармалары туралы түсінік беру. Өлең арқылы ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
Кітапханашы Шакетова А.С. Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер берді. Оқушылар С.Торайғыровтың «Оқып жүрген жастарға», «Оқуда мақсат не?» «Бір адамға» өлеңдерін оқыды.
Ақынның өмір жолы жайында видеокөрсетілім қойылып, «Қамар сұлу» романы жайында айтылды., «Демократ ақын» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды.
Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам деген ақынның ғұмыры қысқа болғанымен, жазған шығармалары мәнді, мағыналылығымен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, дәріптеп келеміз. Сұлтанмахмұт Торайғыровтан зор әдеби мұра қалды. Бұл халқымызға қалдырған аманаты. Сол мұраны қадірлей білуіміз, оның алтын нәрін ала білуіміз керек.
Шакетова Ақмарал Сапабекқызы,
№1 қалалық кітапхана филиалының кітапханашысы