Германия тарапы Қазақстандағы реформаларды қолдайды
Бұл туралы Германия экономикасы шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс Қазақстан-Германия бизнес форумында айтты.
Қаңтарда болған жағдай мен дағдарыстарға қарамастан сіздер осындай реформаларды тоқтатпай, керісінше Президенттің оларды күшейтіп, «еститін мемлекет» құру жөніндегі бағытын қолдаймыз. Осыған дейінгі кездесуде Қазақстанның экономикасы мен қазіргі жағдайларға байланысты талдау жүргіздік. Қолданылып жатқан барлық стратегияны қолдаймыз. Бейтараптық бойынша сыртқы және ішкі саясатты да қолдаймыз, — деді Хармс.
Ол атағандай, кез келген дағдарыста жаңа мүмкіндік ашылады.
Оны біз екіжақты қарым-қатынастың түрлі саласынан байқап отырмыз. Германия бизнесінің Қазақстанға ауысуына байланысты басқа мүмкіндікті қолдану арқылы кездесу ұйымдастырылып отырғанына қуаныштымын. Саяси жағдайдағы медиатор болуды да қолдаймыз. Біз көлік-логистика, жасыл экономика саласында ынтымақтастық жүргізіп, жобаларды жүзеге асырып жатырмыз, — деді ол.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз