Сарбаздардың көздерінен от жандырды
Осыдан 35 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері (40-шы армия және оған жіберілген бөлімшелер) Ауғанстан аумағынан шығарылды. 1979 жылдың 25 желтоқсанында КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерлерін кіргізуге шешім шыққан. 1986 жылы Теміртау қаламыздың тұрғыны Кулатаев Айдар Сабитович әскер қатарына Қарағанды облысы Қарқаралы қаласынан шақырылады.
Алғашында Мәскеу қаласы Нахабино оқу орталығында мина қою мамандығы бойынша оқиды. Кейін Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Кундуз провинциясына сапер болып жіберіледі. Ардагеріміз 149 мотоатқыштар полкінде болып, қызмет ету кезеңінде көптеген әскери әрекеттеріге қатысып, 1988 жылы запасқа шықты.
Осындай тұлға қаламызда орналасқан Ұлттық ұланның 5516 әскери бөліміне келіп сарбаздармен танымды сұхбат өткізді. Бұл сұхбат барлық сарбаздарды патриотизм рухында тәрбиелеу, ерлікке тағзым беру мақсатында ұйымдастырылды. Ардагеріміз сарбаздарға басынан өткен оқиғалар, әскердегі қызмет жолын, қысқаша өмірбаянын айтты. Бір сөзбен айтқанда интернационалист-жауынгер ардагеріміз сарбаздардың көздерінен от жандырып кетті.
Теміртау қаласы
5516 әскери бөлімі
кіші сержант Ержан Мунбаев
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз