Теміртаулық ұландықтар жеңіс тұғырынан көрінді
Ағымдағы жылдың 13-16 ақпан аралығында Петропавл қаласы 6637 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының «қазақша күрестен» біріншілігі өткізілді. Айтулы доданы 6637 әскери бөлімінің командирі Ғалымжан Кибаев жеке бастады.
«Қазақ күресі ежелден келе жатқан, ата-бабамыз дарытып, ауыл өлкесінен халықаралық дәрежеге дейін көтерілген спорттың бір түрі, бүгінде баршаңыз әскери бөлімдеріңіздің, жеке өздеріңіздің шеберліктеріңізді сынап, намыстарыңды қорғағалы келіп тұрсыздар, баршаңызға сәттілік тілейміз, — деді 6637 әскери бөлімінің командирі полковник Ғалымжан Кибаев.
Үш күндік додада спортшылар бар күш жігерлерін, айла-тәсілдерін паш етіп жеңіске деген құлшыныстарын көрсете білді. Осы арада Теміртау қаласының 5516 әскери бөлімінен келген
қатардағы жауынгер Ернар Ізімбергенов 82-келі салмағында 1 орынға,
60-келі салмағында өнер көрсеткен Есен Мадияр мен
74-келі салмағында белдескен Хамзин Жасұлан қарсыластарын жайпап салып, 2 орын иеленіп қанжығаларын күміс медальдармен майлады.
«Жарыс оңай өтті деп айтуға қиын, барлық жиналған спортшылар өте жақсы дайындықпен келген. Біз бұл жарысқа екі ай көлемінде дайындалған едік, бақ пен бабымыз шауып, биіктерден көрініп жатырмыз, барша қолдағандарға рахмет өз атымнан, — деп қатардағы Ернар Ізімбергенов қуанышымен бөлісті.
Айта кетсек, Ізімбергенов Ернар Ерболұлы, Атырау облысы бойынша дзюдо, қазақ күресі, 2022 жылғы дзюдо спорты бойынша өткен Халықаралық турдің жеңімпазы, дзюдо спорты бойныша «спорт шеберіне үміткер»;
Хамзин Жасұлан Төлеубиұлы, дзюдодан Қарағанды облысы, Республикалық турнирлердің жеңімпазы, дзюдо спорты бойныша «спорт шеберіне үміткер»;
Есен Мадияр Шотаұлы қазақ күресі бойынша Ақмола облысы, Республикалық кездесулердің жеңімпазы, қазақ күресінен «спорт шеберіне үміткер».
Төрешілер қауымының шешімімен қатардағы Ернар Ізімбергенов Орталық өңірлік қолбасшылығының құрама командасында наурыз айының 12 мен 14 аралығында Өскемен қаласында өтетін Ұлттық ұлан чемпионатында өңірлік қолбасшылықтың намысын қорғайтын болады.
Еске сала кетейік жарысқа «Орталық» өңірлік қолбасшылығының СҚО, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай облысынан келген әскери палуандары қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз