Қарағандыда әскери психологтардың практикалық дайындығы өтіп жатыр

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5451 әскери бөлімінде әскери психологтардың үш күндік оқу-әдістемелік жиыны басталды. Шараға СҚО, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының әскери бөлімдерінің мамандары келді.


Шараны «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров жеке басқарды.
— Психология бір орында тұрмайды, ол дамиды. Уақытпен бірге біздің әскери психологтар біліктілігін арттыруы керек. Жиынымыздың негізгі мақсатын- кәсіби даярлықты арттыру, психологтарды психологиялық жұмыстың нысандары мен әдістеріне үйрету, әскери қызметшілердің салауатты моральдық — психологиялық жағдайын қамтамасыз ету үшін психологтардың озық жұмыс тәжірибесін жинақтау деп отырмыз», — деп полковник Берік Тоқтаров өз сөзімен бөлісті.
Үш күн ішінде психологтармен тәжірибелік, нұсқаушылық-әдістемелік, практикалық сабақтар, сондай-ақ өңірдің күш құрылымдары психологтарының қатысуымен өткізіліп жатыр. Кездесу барысында мамандар психологиялық жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің өзекті мәселелері, сондай-ақ психологиялық жұмыстың неғұрлым өзекті және даулы мәселелері бойынша пікір алмасу, жеке құрам арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және ескерту мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде.

Практикалық жиын қорытындысы 27 сәуірге көзделіп отыр.

ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз