Алматыда «Senat Open» шахмат турнирі бастау алды
Шахмат турнирі барлық шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарын, Қоғамдық кеңес мүшелерін, ардагерлер кеңесі мен БАҚ өкілдерін біріктірді.
Қазақстанда шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында Алматыда шахматтан «Senat Open» турнирі басталды.
Турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылуда.
Шахматтан әлем чемпионы және Азия континенттік чемпионы атағына 18 елден 126 ойыншы таласуда.
Сайысқа қатысушы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дулат Тастекейдің айтуынша,
қазіргі таңда шахмат еліміздің жаңа білім беру жобасына енгізіліп, мектептегі міндетті пәнге айналуда.
“Бұл — жас пен жынысқа қарамайтын, көпшілік шұғылдана алатын спорт. Олай болса, барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін”, — деді Д.Тастекей.
Алматыдағы тоғыз турдың қорытындысы бойынша тамыз айында жартылай финалда күресті жалғастыратын 25 үздік қатысушы анықталады.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз