Экоакцияға үн қосты
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы асында Amanat партиясының Теміртау қалалық филиалының қызметкерлері тазалық акциясына шықты. Белсенді азаматтар 8 ықшамауданның шеткі бөлігіндегі аумақты күл-қоқыстан тазартты.
— Біз, теміртаулықтар мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қабылданған партиямыздың «Таза бейсенбі» акциясына үн қосып, тазалық шарасын өткізуге келіп отырмыз. Партияластармен бірге қала сыртын жинастырып, табиғаттың еркін тыныс алуына жағдай жасаймыз, — дейді Amanat партиясы Qarmet филиалының төрағасы Нұргелді Омарханов.
Экологиялық акцияға Amanat партиясының Теміртау қалалық филиалының қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, партияның белсенді мүшелері, қала жастары, жасыл ел сарбаздары қатысты.
Өз тілшімізден.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз