Бақылау өз нәтижесін берді: бұзушылықтар мерзімінде жойылды
Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Ақтоғай ауданының төрт бюджет бағдарламасының әкімшісі мен олардың бағынысты мекемелерінің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы тексеріс қорытындысын шығарды. Тексерілген мекемелердің жалпы активтері 3,4 млрд теңгені құрады.
Аудит нәтижесінде 90,9 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 157,4 млн теңге сомасына ҚР заңнамасында белгіленген қаржылық есептілікті жасау және ұсыну тәртібінен ауытқулар анықталды. Соның ішінде 15,9 млн теңге өтелуге, 75 млн теңге қалпына келтірілуге жатады.
Барлық анықталған ауытқулар жылдық қаржылық есептілік бекітілгенге дейін жойылды.
Мәселелер бухгалтерлік есептің сапасыз жүргізілуімен, активтерді дұрыс жіктемеумен және мекеме басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың болмауымен байланысты.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз