Қарағанды облысына жол күтіміне жауаптылар жазаланды
Қарағанды облысында жолдарды күтіп ұстау ережелерін бұзғандарға 1,5 млн теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Temirtautynysy.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері көше және жол желілерін абаттандыру және тазалау шараларын жүргізіп жатыр. Олар қалалар мен аудан орталықтарында 120 жол зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олардың қорытындысы бойынша жол-коммуналдық шаруашылық органдарының басшыларына 112 нұсқама берілді.
37 уәкілетті және заңды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы (Тас жолдарда жұмыстарды орындау, тас жолдарын, темір жол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жолдар мен жол желісін күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін 1,5 миллион теңге айыппұл салынды.
Екі заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігінің (Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау, қаулыларды, нұсқауларды орындамау және басқа да талаптар) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Бүгінгі күні мердігерлер авторейдерлер мен химиялық реагенттер көмегімен қар үйінділерін жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар “Абаттандыру” профилактикалық іс-шарасы аясында учаскелік инспекторлар барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ жеке сектор тұрғындарына қар тазалау және абаттандыру ережелерін сақтау қажеттігі ескертілді.
703 жазбаша ескерту жасалды, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша 1563 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бірнеше рет заң бұзушылыққа жол берген бес кәсіпкерлік субъектілерінің басшысы жауапкершілікке тартылды. Теміртауда дәмханалардың бірінің иесі аумақты қардан тазартуға шара қолданбаған.
ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қарағандыда бильярд клубтарының бірінің аумағында қар сақтау фактісі анықталды. Оның иесі ҚР ӘҚБтК 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша жауапқа тартылды.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз