Экс-министрдің қай университетте дәріс оқитыны белгілі болды
Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетіне оқытушы ретінде қабылданды.
«Енді бүгінгі күннен бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқитын болады. Асхат Қанатұлы біздің студенттерімізге өз тәжірибесімен бөлісіп, тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізетініне сенімдіміз», — делінген университет таратқан ақпаратта.
Тағы бір айта кетерлігі, Асхат Аймағамбетовтің депутаттыққа кандидатурасы алдағы сайлауда «Аманат» партиясының атынан ұсынылуы мүмкін. Елордада «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр. Алдын ала белгілі болғандай тізімде партия мүшелігінде Оқу-ағарту экс-министрі Асхат Аймағамбетов бар.