«Қысқы бақ» электронды кітап / «Зимный сад» электронная книга

Теміртау қаласындағы қысқы бақ 1993 жылдың қаңтар айында ашылған. Алғашқы өсімдіктері Қарағанды мен Алматының ботаникалық бақтарынан әкелінді. Қазіргі таңда мұнда тропиктік, субтропиктік елдер мен шөлді аймақтарда өсетін 120 дан астам өсімдік түрлері кездеседі. Олардың бір парасын Тоқтар Әубакіров, Талғат Мұсабеков тәрізді елге танымал азаматтар отырғызған.
Электронды кітап жобасын «Озат» ақпараттық-технологиялар мамандандырылған мектеп лицейі» жанынан құрылған «Балауса» эко-клубының мүшелері әзірледі.
Жоба жетекшісі: Арай Ержан, биология пәнінің мұғалімі