Теміртауда балабақша қызметкері мен медбике балалардың көзінше төбелескен (видео)

Теміртау қаласындағы балабақшалардың бірінде оқыс оқиға орын алды. Тәрбиешінің көмекшісі мен медбике балалардың көзалдында төбелесіп, бір-біріне балағат сөздер айтқан. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

Видеоны әлеуметтік желіге жүктеген ата-аналардың айтуынша, балалар осы жағдайдан кейін қорқып қалған. Олар үйлеріне болған жайды айтып барып, медбикеден қорқатындарын жеткізіпті. Ал, арада бірнеше күн өтсе де, төбелеске қатысы бар адамдар әлі жұмысын істеп жүр екен.

Қалалық білім бөлімінің өкілдері болса, қазір аталмыш жайтқа байланысты қызметтік тексеріс жүріп жатқанын айтады. Бұл жағдайда білім бөлімінің басшысы өз бақылауына алған. Ал, балабақша басшылығы болса полиция бөліміне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғау жөнінде шағым түсірген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Temirtau tynysy (@temirtau.tynysy)

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз