Қарағанды облысы Теміртау қаласында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлама
Теміртау қ. 2023 жыл 21 сәуір
2023 жылғы 15 маусымда сағат 11-00-де Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік Гүлзары, 12 мекенжайында орналасқан Теміртау қаласы әкімдігінің ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:
- Конкурсқа қатысуға өтінім.
- Конкурстық ұсыныс.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу:
2023 жылғы 25 мамырдан бастап 2023 жылғы 14 маусым сағат 18:00-ге дейін Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік Гүлзары, 12, 34-кабинет мекенжайында орналасқан Теміртау қаласы әкімдігінің ғимаратында жүзеге асырылатын болады.
Конкурсқа қатысуға өтінім өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінім Теміртау қаласының әкімдігіне келіп түседі. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс Теміртау қаласының әкімдігіне өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін 15 жұмыс күні ішінде қолма-қол тапсырылады, содан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
Конкурстың аяқталу күні оның қорытындысы шығарылатын күн болып саналады.
Конкурстың қорытындысы өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні шығарылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) азақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін — бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2023 жылғы 15 маусым сағат 11-00-ге дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді хабарламада белгіленген мерзімнен кешіктірмей ресімдеген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғалар жіберіледі.
Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрған адамдардың, сондай-ақ ҚР Жер кодексінің 43-1-бабы 19-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген адамдардың (43-1-бабы 19-тармағының бесінші бөлігі — шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазының бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайды.).
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жер пайдалану (жалға алу) құқығымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге жол берілмейді.
Конкурсқа төмендегі кестеде көрсетілген келесі жер учаскелері қойылады:
Жер учаскелерінің нысаналы мақсаты:
1 лот — ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін;
2 лот — шаруа қожалығын жүргізу үшін.
Қосымша ақпаратты Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, 6-ықшамаудан 14-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Байланыс телефондары: 8 (7213) 931101, 931110, электрондық мекенжайы: zemcom_21@mail.ru.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз