Төлен Әбдіков шығармаларын бірге оқиық!

Қаламызда «Төлен Әбдіков шығармаларын бірге оқиық!» атты акциясы өткізілді.


«Әлем» СҮ алдында «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында өткен бұл шараның басты мақсаты: қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын кеңінен насихаттау, оқу ісін ілгерілету,оқу мәдениетін дамыту.
Аталмыш шараға №3 кітапхана-филиалы мен Теміртау қаласының Техникалық колледжінің бір топ студенттері қатысып,қала жұртшылығына арнайы дайындалған ақпараттық парақшалар таратты.

Света Адамқұлова,
Теміртау қаласының №3 кітапхана-филиалының
меңгерушісі

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз