Қарағанды облысында 1300 шақырымнан астам жол жөнделеді
Қарағанды облысында 1374 шақырым автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.
– Бұл 640 км республикалық маңызы бар автожолдар, 317 км облыстық маңызы бар автожолдар және 417 км жергілікті желілер, – деп хабарлады Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ брифингінде. – 3 мыңға жуық жол-құрылыс техникасын іске қосу, 570 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға дейін жеткізілетін болады.
«Орталық-Оңтүстік» ауқымды жобасын қоса алғанда, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл Қарағанды – Балқаш республикалық автожолының төрт жолағы бойынша жол ашылады, Қарағанды – Қарқаралы жолының бес учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жалғасады.
Сондай-ақ жақын арада Қарағанды – Жезқазған автожолын қайта жаңартуға кіріседі. Жұмыстар Жаңаарқадан Қарағандыға қарай 40 км автожолда басталады. Жоба үш жылға есептелген.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз