Теміртауда балалар күнінде алты сәби өмірге келді

1 маусым – Балаларды қорғау күнінде қала әкімі Ораз Тәуірбеков қалалық перзентханаға арнайы барып, жас аналарды қуаныштарымен құттықтап қайтты. Мереке күні қаламызда алты бала өмірге келген екен.


Қала әкімі жас аналарға арнайы сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ, өмірге сәбидің келуі айрықша қуаныш екенін атап өтті.
«Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Осы ерекше әдемі күні әріптестеріммен бірге дәстүрлі түрде перзентханаға ат басымызды бұрып отырмыз. Осы күні дүниеге келген жаңа туған нәрестелерімізді және олардың аналарын құттықтадық. Бүгін қалада 6 сәби дүниеге келді, бұл біз үшін үлкен қуаныш!», — деді қала әкімі.

Өз тілшімізден

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз