Ермағанбет Бөлекпаев мектептерде мүгедек балаларға әлімжеттік жасаудың алдын алу бойынша әңгімелер өткізуді тапсырды
Мектептерде кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен мүмкіндігі шектеулі балаларға әлімжеттік жасаудың алдын алу бойынша әңгіме жүргізуді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ерекше балалардың ата-аналарымен кездесу барысында тапсырды. Өңір басшысы қоғам мұндай балаларға төзімділік танытып қана қоймай, олардың әлеуметтенуіне көмектесуі керек екенін атап өтті.
– Жақында интернетте мен шетелде зағип қызға баскетбол турнирі кезінде балалар торға доп соғуға көмектесіп жатқан бейнені көрдім. Олар мұны қалай жасайды? Допты нысанаға тигізуі үшін сақинаның жанында дыбыс соғады. Біз ерекше балаларға осындай көзқарас қалыптастыруға ұмтылуымыз керек, – деп қорытындылады Ермағанбет Бөлекпаев.
Кездесуде басқа да мәселелер талқыланды. Олар негізінен мектеп-интернаттарда, спорт секцияларында бейінді мамандардың жетіспеушілігіне және моноқалаларда түзету сабақтарынан өту мүмкіндігінің болмауына қатысты болды.
Бұл мәселені ішінара шешу үшін Саран қаласында ерекше балаларға арналған мектеп-интернатта 50 балаға арналған түзету кабинеті ашылады. Жаңа жылдан бастап адаптивті жүзумен тағы 15 баланы қамту жоспарлануда.
Қарағанды медицина университеті мен медицина колледжінің базаларында алдағы жылдары амбулаториялық оңалту мамандарын оқыту басталады. Моноқалаларда жұмыс істеп жүрген мамандар қайта оқытудан өтеді.
Теміртауда «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен № 11 жалпы білім беретін мектеп базасында инклюзияны қолдау кабинетін ашу жоспарлануда. Осыған ұқсас кабинеттер тағы екі мектепте жұмыс істейді, ал ПДТ және ойлау қабілеті бұзылған балалар үшін Теміртаудың 13 мектебінде арнайы сыныптар жұмыс істейді. Сондай-ақ, қалада 60 орындық оңалту орталығы жұмыс істейді.
Кездесуде көтерілген мәселелердің бірі – көп қабатты үйлердің көпшілігінде пандустардың болмауы. Осыған байланысты мүгедек балалар көбінесе көшеге кедергісіз шығып, кез келген нысандарға бара алмайды.
Сондай-ақ, кездесуде облыста балаларды оңалтудың Ұлттық орталығына кезекке қою үшін электрондық портал әзірленіп жатқаны хабарланды. Сонымен қатар, әрбір емханада мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың чаты құрылды. Егер проблемалар туындаса, чатқа хабарласып, олар кеңестер мен қажетті ақпаратты ала алады.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз