Теміртауда 423,5 миллион теңгеге саябақ салынады

Теміртау қаласының Оң жағалауында жаңа саябақ бой көтермек. Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыратын мердігер анықталып, іске кіріскен. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 


«Оң жағалау тұрғындары Самарқанд және Джаурская көшелерінің арасында аумағын абаттандыру жұмыстарын көптен күткен болатын. Теміртау қаласының ТКШ бөлімі 2021 жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастады, 2022 жылы жоба оң мемлекеттік сараптаманы алды. Ағымдағы жылы қалалық мәслихат жаңа сквер салу қажеттілігін қолдады, оған арнайы бюджеттен қаржыландыру бөлінді», — делінген хабарламада.

Саябақ салынатын аумақты тазарту және учаскені жоспарлау жұмыстары шілде айында қолға алыныпты. Мұнда екі спорт алаңы, ойын кешені және серуендеуге арналған орындар салынбақ. Құрылыс жұмыстары жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының және тұрғындардың қатысуымен, солардың келісімімен жүзеге асуда.

Айта кетейік, конкурстық рәсімдер бойынша «ИКАС» ЖШС (Астана қаласы) мердігері анықталды. Шарт бойынша жұмыстардың құны-423,5 млн. тг. Жобаны іске асыру мерзімі-2 жыл.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз