2 қараша күні Қазақстан Республикасының барлық кинотеатрларында «Бүркіт» киносының премьерасы өткізілді
2 қараша күні Қазақстан Республикасының барлық кинотеатрларында «Бүркіт» киносының премьерасы өткізілді, Қарағандылықтар да осы орайда қалыс қалмады.
SARYARGA CINEMA кинотеатрының алғашқы шығарылымына Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы отбасы мүшелерімен қатысып, қайталанбас әсерге ие болды, достық, әскери ант, ар, намыс барлығына бір себеп — нағыз ерлер қызмет ететін қызмет.
Бүркіт — күнделікті ауыр да күрделі, мемлекеттік, қалалық деңгейдегі тапсырмаларды орындайтын Ұлттық ұланның арнайы жасағы.
«Бүгінде барша Қазақстандық үшін біздің арнайы жасақтың қызметі жайлы түсірілген фильмі көк экранға көрсетіліп жатыр. Сапа, актерлердің ойнауы жоғарғы деңгейде деп айтқым келеді, себебі әрбір бетпердемен жабылған әскерилердің қызметі шынымен де ауыр және күнделікті дене шынықтыру , тактика, атыс әрекеттерінің дайындығын талап етеді, бұл орайда рөлдегі адамдарға алғыс білдіріп, жауынгерлерімізге қызметтік табыс тілеймін, — деп өз ойымен бөлісті жедел басқармасының қызмет бастығы подполковник Евгений Сё.
Кешкі уақытта отбасы мүшелерімен көңілді өткізгілеріңіз келсе Бүркіт киносын тамашалыңыздар!!!
Құрметпен, Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз