«Бүркіт» – ерлік туралы фильм

«Бүркіт» қазақстандық арнайы жасақ туралы көркем фильмі барлық Қазақстанның кинотеатрларында 2 қарашадан бастап көрсетілімге енді. Теміртау қаламыздың «Әлем» сауда үйіндегі «Премьера» кинотеатрында да көрсетіліп, қала тұрғындары мен қонақтарының ойынан шығып жатыр.

«Бүркіт» экшн жанрындағы фильм болып табылады. Ұлттық ұлан туралы түсірген үшінші фильм, алғашқылары «Алтыншы бекет» Ербол Отарбаевтың ерлігі, «Казбат» фильмі 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасындағы 17 жауынгердің ерлігі туралы көрсетілген болатын. «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан – елі мен халқына қорған» деп ұстанатын ұраны бар Ұлттық ұлан туралы филмьдердің продюсері болған Данияр Ибрагимов, осы фильмде өзін режиссер қырынан көрді, бұндай шешімді «оң», «оннан он» деуге болады.

Экшн фильм Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасақтағы үш достың тоғысқан тағдырын, «Күрең берет» кию құқығына ие болу оңайлықпен келмейтінін баяндалады.

4 қазан күні 5516 әскери бөлімінің ұйымдастырылуымен Теміртау қаласында ауқымды көрсетілім болды. Іс-шараға қонақ болып әскери бөлімнің әскери қызметшілері отбасы мүшелерімен, сонымен қатар Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Зияшев, Қарағанды қаласының мәслихатының депутаты Михаил Коновалов, Теміртау қаласының мәслихатының төрағасы Алексей Ломакин, қала әкімінің қоғаммен байланыс бойынша көмекшісі Гульнур Абдгалиева, Теміртау қаласының полиция басқарма бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Азамат Усенов, жедел қимылдайтын арнайы жасақтың командирі полиция капитаны Саян Бүркітбайұлы, Отан-Заман газетінің бас редакторы Зура Оспанова келді.

Фильм туралы пікірлер өте көп болды. Өзінің инстаграм парақшасында Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Михаил Коновалов «Фильм жас ұрпақты патриотизмге тәрбилейтін нағыз ерлік туралы туынды. Көбісі байқамайды, бірақ Ұлттық ұланның жауынгерлері күн сайын ештеңеге қарамастан біздің тыныштығымызды сақтап келеді», қала әкімінің қоғаммен байланыс бойынша көмекшісі Гульнур Абдгалиева «Фильм мені динамикасы және сапасымен таң қалдырды. Жаңа дүние. Мұндай фильмдер өте қажет. Біз қазақстандық комедиялар, той, махаббат туралы фильмдер көруге дағдыланып қалғанбыз, бұндай жанрдағы фильм қазақ кинематографинда жаңа дем бергені анық. 5516 әскери бөлімі осындай көрсетілім ұйымдастырғанына алғысым шексіз», – деп пікір қалдырды.

«Бүркіт» экшн фильмі әрі қарай еліміздің кинотеатрларында көрсетілімін жалғастырады. Біз өз кезегімізде Отандық туындыны қолдап, осы фильмді көруге шақырамыз.

Теміртау қаласы

5516 әскери бөлімі

кіші сержант Ержан Мунбаев

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз