Мемлекеттік қызметті электронды форматта алу: қарапайым, ыңғайлы және тез!
Қазіргі таңда интернетке басымдық беретін азаматтардың қарасы қалың. Әсіресе, электронды үкімет порталы немесе қызмет көрсетушінің ақпараттық желілері арқылы өзіне қажет мәлеметтерді алудың танымалдылығы артқан. Порталдың мүмкіндіктерін жекелеген тұрғындар да, заңды тұлғалар да қолдана алады. Мемлекеттік қызмет порталы тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлері, функциялар, ведомствалар туралы ақпарат беру және электронды қызмет көрсетуге арналған.
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ қағаз және электронды түрде 4 (төрт) мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар:
- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру»;
- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға арналған тіркемелер мен арнайы құрылғылар жалғанған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (дубликат) және оларға арналған мемлекетті нөмірлік белгі» беру»;
- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға арналған тіркемелер мен арнайы құрылғылар жалғанған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды (кепілден шығаруды) мемлекеттік тіркеу, өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде мүлік иесі құқығының басқа адамға берілуін, талап ету құқығын басқаға беру, қайта кепілге қою немесе тіркелген кепілді тоқтату, сонымен қатар, кепіл туралы куәлік немесе оның дубликатын беру».
- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға арналған тіркемелер мен арнайы құрылғылар жалғанған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы техникалық тексеруден өткіз».
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Онда электронды форматта қызмет алуға қажетті барлық жағдай жасалған және жауапты мамандар қала тұрғындарына қызметті электронды түрде алуға көмек көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу үшін құжаттардан бөлек, «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ берген электронды-сандық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек.
Мемлекеттік органның және Теміртау қаласы әкімінің ресми интернет ресурсында және ақпараттық стендтерінде нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар), мемлекеттік қызмет көрсету ережелір жазылған.
«Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ Теміртау қаласы Тәуелсіздік бульвары 9, 335 кабинетте орналасқан. Байланыс телефоны: : 8 (7213) 41-01-48.
«Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз