Қарағанды қаласындағы 6505 әскери бөлімінде егіздер қызмет етуде

Қараша айының соңынан бастап Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жас сарбаздарды әскер қатарына шақыру бойынша науқанын бастап кетті, дәл осы науқанда екі бірдей Түркістан облысының Адылбек Бекарыс пен Адылбек Жанарысты шақыртса, Павлодар облысы Майқайын ауылды мекенінен Сатыбалды Әли мен Сатыбалды Мұхаммед сынды егіз ағайындыларды шақыртқан Қарағандылық 6505 әскери бөлімі ерекше назарға ие.

— Ініміз екеуіміз тіпті әскер қатарына шақырылып қызмет етуге де бірге шешім қабылдадық, табиғаттың өзі шешкендей кішкентай кезімізден бөлінбей барлық сұрақтарды бірге шешеміз, бүгін де әскерге шақырылу жолында бірге тартып, бір бөлімге қасиетті борышымызды өтеу үшін келіп отырмыз, — дейді Бекарыс Адылбек.

Бала кезінен ата-анасынан ағайынсындар, бір нанды бөліп жеп, жақсыны ортаға сап, қиындыққа бірге төтеп беріңдер деген нақыл сөздерін сусындап өскен Бекарыс пен Жанарыс қазір Отан алдындағы борышын өтеу жолында дайындық курстарын Ұлттық ұлан 6505 әскери бөлімінің 1 оқу ротасында әскери қызметші атану жолында шыңдалып жатыр.

— Алғашқы күнімізден-ақ командирлеріміз құшақ жайа қарсы алды бізді, бүгінгі күнде әскери тәртіпті ұстануды, күн тәртібіне сай өмір сүруді, көбіне байқалмаған жауапкершілікке баулып, бөлімше, взвод командирлері барынша үйретіп жатыр, — дейді Жанарыс.

Шуақты Арыс қаласының тумалары үшін Қарағандының суық ызғары пойыздан түскелі бірден сезіп, туған кездерінен бастап  қыс пен жазды жылы өткеріп, кей жылдары тіпті ауыл маңында қардың да болмайтынына тоқталып өтті, бірақ бұған да  үйреніп кетеміз деп жас өреңдер сес көрсетпеді.

Егіздерге қатар боп 2005 жылғы ағайындылардың арасынан аға боп келген Сағдатбек Адылбек те бар.

-Біздің әкелереміз Мұрат және Мұхтар бір анадан туған бауырлар, кішкентайымыздан ойнақ салып бірге өскен едік, міне әскер қатарына да уақыттас болып шақырылып, қызмет ететін әскери бөліміміз де бір екен, мен Бекарыс пен Жанарыстан он екі күнге ғана үлкенмін, өзім тоғызыншы қаңтар күні туылсам олар жиырма бірінде туылды, — дейді  Сағдатбек Адылбек.

— Адылбековтер бірінші күннен бастап алғыр мінездерімен бірден көзге көрінді, түрлері де ұқсас, барлығын тез үйреніп жатыр, өзара тату, әскерилерге бұл қасиет ауадай қажет, біліктілігі мен шапшаң жылжып, қаруластарына қол үшін бере алатын әскери қызметші ғана әр жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады, — деп 1 оқу ротасы 6 оқу взводының командирі ефрейтор Руслан Ильясов сарбаздар жайлы өзінің ойын білдірді.

Осыдан бір апта бұрын 6505 айдауылдау бригадасының оқу пунктісі ендігі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайын ауылынан келген ағайынды-егіздер Сатыбалды Мұхаммед пен Сатыбалды Әлиді де өз қатарларына шақыртты.

Әли Рүстемұлы әскерге шақырылылар алдында  «аспазшы» мамандығы бойынша орта арнайы білімді тәмәмдап біліктілігінің арқасында шеф-аспазшы болып үлгерген, ағасы Мұхаммед болса Павлодар облысының аллюминий зауытының механигі болып жұмыс атқарған, екі түрлі таңдау болса да аға-іні әрдайым бір-біріне ес болып, бауыр тартып тұрады.

— «Мұхаммед маған қарағанда сәл сабырлы, өзімнің болмысымнан болар әрдайым көңілді боп, өзгенің көңілін аулағанды ұнатамын, мектепте де мұғалімдеріміз соған қарап ажыратты-ау деймін, мұндағы командирлеріміз де тура солай таниды бізді, бір жылдық борышымызды абыроймен өткереміз деп сенемін», — деп Әли Рүстемұлы  ойымен бөлісті.

Сатыбалдылар отбасы жалпы бес бала тәрбиелер отыр, үлкені Мұхаммед, одан кейін (уақыт аралығымен) Әли, кейін 2010 жылғы қарындастары Қарақат, 5 жасар Інжу мен кенжесі Әлишер бүгінде үш жаста.

Отағасы Рүстем мен ошақ иесі Аяужан қарапайым халықтан шыққан, әкелері жүктеуші болып жұмыс жасайды, аналары уақытша бала тәрбилеу демалысында.

Әскери қызметтің өзіндік талаптары бар, әскери шені мен лауазымы жоғары тұлғаға бағыну, қойылған тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау, әскери өнерге үйрену мұның барлығына әскери антта айтылғандай жауынгер батылдық танытып шыдауы тиіс, бүгінгі күні Сатыбалды  әулетінің тұңғыштары аз  уақытта өздерінің әскери қызметте осал болмайтынын көрсете білді.

1 оқу ротасы 5 оқу взводының командирі 3 сынып сержанты Азамат Дәрібаев:  Сатыбалдылылар келгеніне бір апта шамасы болды, басында тану қиын еді қазір үйреніп қалыппыз, шындығында Әли ағасы Мұхаммедке қарағанда сәл шапшаңдау екен, сонда да көп жерде өзара тірек беріп, бөлінбей жүреді, болашақта үздік жауынгерлер болатынына сенеміз.

Қорытындылай келе айтарымыз, жыл сайынғы Ұлттық ұлан шақырылым сарбаздарына тән қасиет  батыл да ержүрек, антына адал, туған жері еліміздің  өзге өңірі болса да, шыдамдылық танытып, суық пен ыстығына төзе білетін жауынгерлермен лайым толысып тұрады.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз