Теміртауда қар тазалау жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысы 2024 жылды қарлы боранмен қарсы алды. Бірнеше күнге созылған ақ боранда жолдар жабылып, көлік қозғалысы қиындағанды. Коммуналдық қызмет өкілдері боранмен алысып, қалың қарды аршу жұмыстарына қызу кірісіп кеткен. Жылдың алғашқы үш күнінде 10 230 текше метр қар күреліп, 151 текше метр құм-тұз қоспасы себіліпті.

«Жаңа жылдың алғашқы үш күнінде қалада айтарлықтай көп қар жауды. Жол қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, қоғамдық көліктердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін орталық жолдарды тазартуға баса назар аударылады. Күн сайын жолдарды тазалауға 70-тен астам жұмысшы және 65-ке жуық арнайы техника шығуда. Қарды жинау және шығару, сондай-ақ жол жүруді қамтамасыз ету жұмыстары тек қалада ғана емес, Карьерная, Жаңаауыл және Аққұдық станцияларында да жүргізілуде», — дейді қала әкімінің баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Temirtau tynysy (@temirtau.tynysy)

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз