Теміртауда мұз айдыны ашылды

Бүгін қаламызда қыстың нағыз қызық шағы басталып, мұзайдыны ашылды. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған алаң демалыс алаңы келушілер үшін тегін қызмет көрсетеді.

Әрине, егер өзіңізбен бірге коньки болмаса, осы жерден жалға алу мүмкіндігі бар. Аяз бетіңізді қарыса ыстық шәй ішуге де мүмкіндік қарастырылыпты. Мұз алаңын ашу әу баста Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында, яғни 30 желтоқсанға жоспарланғанды. Бірақ, табиғат долы мінез танытып, күн райы мүмкіндік бермеді. Әйтсе де, «Ештен кеш жақсы» жақсы деген. Қысымыз көңілді өтсін!!!

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз