Теміртаудағы жарылыс: үйінді астынан әйел адамның мәйіті шығарылды
Теміртау қаласында дүкенде болған жарылыстан бір адам қайтыс болды. Құтқарушылар сағат 09:49 шамасында үйінді астынан әйел адамның мәйітін шығарды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін нақтылады, — деп хабарлайды temirtautynysy.kz
Нақтыланған деректер бойынша: өрт 09-08-де оқшауланып, 10-25-те жойылды. Жарылыс салдарынан 2 адам зардап шекті: 1993 жылы туған әйел жарақат алды (келуші) ауруханаға жатқызылды және 1973 жылы туған әйел қайтыс болды (дүкен қызметкері). Үйінділерді аршу жұмыстары жалғасуда.
Оқиға орнында барлығы 177 адам және 38 бірлік техника жұмылдырылды.
Жарылысқа газ себеп болуы мүмкін. Нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Ғимарат табиғи газға қосылған және жылыту жүйесіне пайдаланғаны айтылды.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз
Посмотреть эту публикацию в Instagram