Теміртауда газ жарылып, дүкен құлады: зардап шеккендер бар

Бүгін таңғы сағат 8-дер шамасында Теміртау қаласында 2 қабатты ғимаратта жарылыс болды. Жарылыс салдарынан өрт шығып, ғимарат қираған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар зардап шеккен азаматтардың барын анықтады. 8:44 шамасында үйінді астынан әйел адам шығарылды. Оның айтуынша, ғимаратта ер адам да болған.

Қазіргі таңда құтқару жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнына 17 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, қосымша 23 адам мен 5 техника жіберілді.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз