Теміртауда қалалық балалар ауруханасының жағдайы жан шошырлық
Теміртау қаласындағы балалар ауруханасы әбден ескіріп, адам шошырлы күйге түскен. Қабырғалардың сылағы құлап, төсек жабындылары да тозған екен. Емделушілер аурухана мәселесін көтеріп, әлеуметтік желіде шағымдады, — деп хабарлайды Temirtautynysy.kz.
Теміртаулықтар балалар ауруханасының талайдан жөндеу көрмей, жиһаздарының да сынып тұрғанын айтады. Оның үстіне қыс маусымында бөлме температурасы да нормадан айтарлықтай төмендеп, қиындық келтіреді екен.
Бұл мәселеге қатысы облысты денсаулық сақтау басқармасы жауап берді. Олардың айтуынша, биыл Теміртау қаласындағы Көпбейінді бала мен ана орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ал, аурухана әкімшілігі болса, емделушілерді жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін басқа бөлімдерге ауыстыруға міндеттелді.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз