Жазушы Кәмел Жүніс дүниеден өтті

Белгілі жазушы, өлкетанушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті. Бұл туралы «Qazaqstan» арнасы хабарлады.

Кәмел Жүністегі 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.

«Дос көңілі», «Көне хикая», «Көксеу», «Көксеңгірдің тасында», «Соңғы Абыз», «Шырағдан» кітаптарының авторы. Әуесқой композитор ретінде «Арқа самалы», «Аяулым», «Домбыра», «Туған жер» әндерін жазған. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз