Алаштың ардақты ұлы

Қаламыздың Орталық кітапханасында Алаштың ардақты ұлы – Қошке Кемегеровтің жиені Қарлығаш Сұлтанбековнамен және ардагер ұстаз Советгүл Бекбосынқызымен кездесу өтті. Тағлымға толы жиында Алаш қайраткерінің еңбектері мен өмір жолы туралы көрме ұйымдастырылды.

Білім мен білікке ұмтылған Алаш қайраткері Қошке (Қошмұхамбет) Дүйсебайұлы Кемеңгеров 1915 жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз ұлт əдебиетіне, тарихына, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосты. Осы уақыт аралығында ол өз қатарластарымен бірге отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске қатысты. Оның сан-салалы ізденіске толы ұлтты дамыту жолындағы қызметін өткен ғасырдың отызыншы жылдарында басталған Кеңес үкіметінің репрессия науқаны үзді.
Алаш ардақтысының жиені Қарлығаш Сұлтанбековна бүгінде Теміртау қаласында тұрады. Атасының өмір жолын ұлықтап, өскелең ұрпаққа насихаттап жүр. Өзі де өнерден құралақан емес. Қала мен еңбек адамдары туралы өлең жазып, мерзімді басылымдарда түрлі тақырыптарды көтеріп, мақала жазып жүр.
Кездесу барысында жастар ұлы тұлғаның өмір жолына қатысты сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Өз тілшімізден.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз