Америкалық азамат «Ninety one» тобының әні арқылы қазақша үйреніп алған

Эван Аллен есімді АҚШ азаматы қазақ тілін аз уақыттың ішінде үйреніп алыпты. Тараз қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде ағылшын тілінен сабақ беретін азамат орыс тілін мүлдем білмейді екен. Ал, қазақша үйрену үшін ыңғайлы дереккөз таппай көп қиналыпты. Оның тіл үйренудегі ерекше тәсілі туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің өкілдері айтып берді. 

Tengrinews.kz порталының жазуынша, Эван Алленнің қазақ тілін үйренуіне «Ninety one» тобының әндері ықпал еткен.

«Ninety one» тобын тапқан кезде қатты қуандым. Мен олардың әндерінен тілді үйрене бастадым, олардан сөздер мен интонацияларды қайталай бастадым. Қазақ тілін үйренуге көп уақыт жұмсадым», – дейді шетелдік азамат.

Эван топ әндерінің барлық сөзін біледі. Қазір ол Қазақстанда жүргенде топпен танысуды армандайды.

  • Өткен айда мен олардың Астанадағы жеке концертіне бардым. Онда болғаныма өте қуаныштымын. Бір күні топпен кездесіп, оларға жеке алғыс айтамын деп ойлаймын,– деді Эван.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз