Анасын сағынған бала (Әңгіме)

Есмағамбеттін, бұл сапары ауылына төрт жылдан кейінгі оралуы еді. Содан болар, таңертеңгі поездан түскен бойдағы қарсы алушы туыстары, достарымен болған ұшырасудың ѳзі кәдімгідей у-дулы болды. Біреулері құшақтап, біреулері сүйіп, тағы біреулері осы бір алас-қапаста-ақ мұның, шаруасын айтып қалып жатты. Күтіп тұрған жеңіл машиналарға мінулері, сосын аудан орталығында тұратын немере атасы Балмағамбеттің үйінің ауласына келіп, түсіп жатуларының ѳзі абыр-дабырға, күлкіге толы қуаныш болып жатты. Бұл арада да құшақтасулар… Сүйісулер… Және поезда қарсы алғандары бар, аулада қарсы алғандары бар жапырласып, әлі де ауыз жиып болмаған абыр-дабыр әңгімелерімен, асып тѳгілген мол күлкілерімен түгел үйге кіріп, жаюлы дастарханға жағалай қонақтасып жатты. Алдымен шай ішіліп, сосын ет желінді. Бұл аралықта ағайын-туыс, дос-жарандардың біразы ѳз шаруаларымен конақтан рұқсат алып кетіп, оның, есесіне тағы бір топ жаңадан келіп, әйтеуір арқа-жарқа кѳңіл мен қуаныштан ортайған жоқ. Кайта ас кезін әдейі меңзеп келгендей жаңадан келушілер тым кѳбейіп кеткендіктен де ет табаққа алты-жеті кісіден қонақтасып, сығылысыңқырап отырысқан жайлары бар.

Анасын сағынған бала

Ауыл-үйдің, ағайын арасының ѳсегі, жаңалықтары кѳп айтылғандықтан да астан кейінгі шай ұзак ішіліп, дастархан жиналған кезде, қошеметші ағайындостар түгел орындарынан тұрып, қайтуға беттегенде, танертеңнен бері тақымы жазылмастан отырған Есмағамбет те бұл тұста сыртқы ѳзгелермен ілесе шыққан. Ұзаққа созылған абыр-дабырдан кейін жалғыз қалып, әртүрлі жеміс ағаштары мен кѳкѳністер ѳскен аулада әрлі-берлі жүру де ол үшін айтарлықтай бір демалыс еді. Күн талтүс болып қалған екен.

Ағаштардың әрқайсысына тоқтап карап, сосын жоңышқалықты аралап келіп, күннің, қызуы қуырып бара жатқандықтан, жүзімнің кѳлеңкесіне кіре бергені сол еді.

Мама-аа… мама-аа…

Сенсің ғой ең дана-а..

Мәңгі дос сен ғана-а… —

деп әндеткен сүйкімді бала дауысын естіді. Бірақ Есмағамбет олай бір, былай бір бұрылып, маңайынан бала кѳрмеді. Сѳйтсе, үстіне су жаңа ақ, футболка киген төрт жастар шамасындағы ер бала арнайы тіреу ағаштарымен керілген жүзім сабақтарының ұзына бойғы кѳлеңкесінің бір шетінде құммен ойнап отыр екен. Қолында ойыншық күрек… ойыншық шелек…

Балмағамбет ағасының ұзатылған кыздары болатын. Солардың бірінің баласы болар деп топшылаған Есмағамбет жүзім кѳлеңкесінде аяктарын еңкейе басып, балаға жакындады.

Жақындап келгенше бала мұны байқаған жок.

  • Мама-аа… мама-аа…
  • Сенсің ғой ең дана-аа…
  • Мәңгі дос сен ғана-а…
  • Мама-а, мама-а-а-а…

Жанына келіп:

Әй, балақай, сенің атың кім? — дегенде барып, бала Есмағамбетке бұрылды. Бірақ ойыншық шелекке ойыншық күрекпен кұм салу ісін доғарған жоқ.

Атың кім дедім ғой?,— деп қайта сұрағанда барып бала ұяң күлімсіреп:

Сержан,— деді ақырын ғана.

Кімнің баласысың?

Күміскүлдің.

Күміскүл кімнің қызы?

Балмағамбеттің…

Есмағамбет енді еңкеңдеп барып, анадай жерден қолдан жасалған ағаш орындықты алып, баланың дәл жанына жайғасты.

Балмағамбет ағасының бір кызының кезінде оқуға түсе алмай, Алматыдағы базар маңында жұмыс істеп, тұрмыс кұрып, одан тұрмыс кұрған жігітімен қайта ажырасып жүргенін білетін. Кыздың әуелде ѳзі, сосын куйеуімен үйлеріне соққаны да есінде. Ажырасқаны бетіне шіркеу болды ма, кейіннен қыз үйге соқпайтын болды. Ал олардан осындай бала қалғанын есіткен де емес-ті. Тіпті осы бала болмағанда қарындасының аты Күміскүл екенін де енді болмаса ұмытып қалғандай екен… Баланың бет әлпеті ѳте сүйкімді еді. Оның үстіне мұның сұрақтарына жауап беруі де сүйсіндірді. Тілі тәтті екен. Алайда “кімнің баласысың?” деген сұрағына баланың әкесінің атын айтпай, шешесінің атын айтуы Есмағамбетті қанағаттандырған жоқ-ты. Сондықтан баланы жанап отырысымен-ақ:

Сен неге Күміскүлдің баласымын дейсің? Папаңның атын неге айтпайсың? — деді.

Папа-мның-ң… — дей беріп бала аз-кем күмілжіп қалғанда барып, Есмағамбеттің ѳзі бала үшін тым артық, сұрақ қойып отырғанын андап, әңгіменің бетін аудара қойды.

Футболкаң, қандай аппақ?

Мамам әкеліп берген, — деді Сержан ѳз-ѳзіне қайта келгендей кѳңілденіп.

Шортигің де тап-таза ғой.

Таңертең кидім ғой, — деді бала Есмағамбеттің сұрағына таңырқағандай әрі: “Сол екі арада қалай бүлдіре қоямын” дегендей болып.

  • Оны да мамаң әкеліп берді ме?
  • Иә деген… — деді бала сусылдаған кұмды ойыншык күрекпен ойыншық шелекке салуын жалғастыра беріп.

Есмағамбет енді баланың басынан сипады. Сержанның жаңадан ѳсіп келе жаткан майда шаштары алақанына жұп-жұмсақ тиді. Бала да енді ѳзін еркін сезініп, еркелегендей болып, бұған денесін тиістіре беріп:

  • Басымнан иіскеші? — деді.

Есмағамбет сондайлык ықыласпен еңкейіп, Сержанның басынан иіскеді.

  • Иісі бар ма? — деді бала енді оған күлімдей бұрылып.
  • Иісі?.. Иә, бар-р…
  • Ненің иісі? — деді бала қуланғандай кейіпте.
  • Сабын-н… Әтір сабынның…
  • Иә саған-н…
  • Енді ненің иісі?
  • Шампунның иісі ғой, — деді бала, “соны да білмедің бе?” дегендей сықылықтай күліп.
  • Сонда сен басыңды күнде шампунмен жуасың ба? — деді Есмағамбет баланың басын қайта сипап отырып…
  • Мен емес, әжем-м…
  • Әжең жуып берді ме?

Иә деген-н…

Күнде ме?

Жоқ, сіз келетін болған соң жуды ғой. Мына үстімдегі жаңа футболка мен шортикті де сіз келетін болған соң кигізді… Есмағамбет шешіле сѳйлеген баланың жүзіне қарап отырып, кеңкілдеп күлді.

Егер мен келмесем…

Сіз келмей тұрғанда… басым биттеп кеткен… Сосын шашымды атам ұстарамен қырып тастады ғой.

Есмағамбет тағы күлді. Күліп отырып кәдімгідей таңданып:

Биті несі? — деді.

Бит те… бит болған соң…

…Осы сәтте Есмағамбеттін кѳптен кездеспеген тағы бір ағайындары даңғырай сѳйлеп, аулаға кіріп келе жатты да, бұлардың әңгімесі оқыс үзіліп қалды.

Кешкісін ыстық, басылған шақта Балмағамбет кемпірі Мейіркүлмен екеуі тамның кѳлеңкесіне құдықтан су әкеліп сеуіп, орындықтар қойды да, Балмағамбет пен Есмағамбет ѳзара әңгімелесіп, Мейіркүл кешкі ас қамымен болып кетті. Ересектердің әңгімесі кезінде үш аяқты велосипедімен әрлі-берлі зырлап жүрген Сержан, кенет ѳрістен сиыр келіп, Балмағамбет сол сыйырдың әуресімен тұрып кеткенде барып, осы сәтті аңдып жүргендей ол Есмағамбеттің жанына келді.

Түс кезінде болған әңгімеден кейін баланың бойы үйренгендігі болар, еркін. Әңгімені де ѳзі бастады:

Сен Алматыдан келдің бе?

Иә, Алматыдан келдім.

Менін мамам да Алматыда, — деді бала еркінсіп, еркелегендей денесін Есмағамбеттін денесіне тигізіп тұрып.

Білемін ғой…

Менің мамамды танисың ба?

Неге танымаймын… танимын. Мамаң біздің үйде әлденеше рет болды ғой.

Е, сен менің мамамды білетін болдың ғой” дегендей, баланың кѳздері күлімдеп тұрып, кішкентай саусақтарымен Есмағамбеттін білегінен ұстады. Шашынан сипады.

Ал сен мені білмеуші ме едің? Мен де атаңмын гой.

  • Білмеймін, — деді бала бірден мұның білегінен ѳзінше қысып-қысып қойып.

Мені кѳрген жоксың ғой.

— Әжем айтқан… атам айтқан… мамам да айтқан.

Есмағамбет баланың басынан сипады.

— Тағы да иіскеші — деді бала осы сәтте сықылықтап күліп тұрып.

Есмағамбет баланың басынан кұшырланып иіскеді. Оның осы ықыласы да сезімін қозғағандай бала жайнап, куанып кетті.

  • Шампунның иісін енді білдің бе?

— Білдім. Бұрқырап тұр.

  • Бұрқырап тұр ма? Әлі иісі кетпеп пе?

Есмағамбет мейірленіп кетіп, баланың бетінен сүйіп, қатты қысып құшақтады. Сосын шын ықыласымен:

— Алматыға барасың ба? — деді.

Есмағамбет осылай деген кезде, бала “рас айтып тұрсын ба, әлде ѳтірік пе?” дегендей жалт бұрылып оның кѳздеріне ұзак қарады. Сосын сенгендей болып ақырын ғана:

  • Барамын-н, — деді де, күрсінді. Баланың күрсінгені соншалық, ауыр болды ма, әлде ѳзі солай қабылдады ма, Есмағамбет те қатты толқып кетіп, баланы қайта құшақтады.

Бұл жолы оның бетінен әлденеше рет сүйді. Сүйіп болып Сержанның бетіне қараса, баланың екі кѳзінен жас сорғалап тұр екен.

Ѳзінің де кѳмейіне ѳксік тығылып, толқып, тебіреніп ол жалпақ алақанымен баланың арқасынан қағып отырды да:

  • Мен сені Алматыға алып кетемін, — деді сеніммен. Сержан бұл жолы атасының ѳзін алып кететіндігіне шүбәланған жок. Сондықтан ашық-жарқын күйде:
  • Қашан кетеміз? — деді бірден.
  • Ертең ауылға барып қайтамын. Арғы күнгі пойызға мінеміз.

Бала жіп-жіңішке саусақтарын кезек бүгіп тұрып:

— Бүгін-н… Сосын ертең-ң… Сосын арғы-ы күн-н… Сонда кетеміз гой.

  • Кетеміз.

Баланың қуаныштан есі шығып, екі беті ерте піскен алмадай алабұртып тұрды. Сосын:

— Мен мамам әкеп берген шалбар мен топлиімді киемін,— деді кенет қиял қанатына мініп алғандай биікке қарап, елеуреп тұрып. Есмағамбет те оны қостай түсіп:

Осы футболкаң жарар,— дей беріп еді, бала оған екі беті алаурап, көздері оттай жанған күйі жалт бұрылып:

Мамам әкелген қып-қызыл гүлдері бар көйлегім ше?,- дегені.

— Соны кимеймін бе? Мамам әкеліп берген ақ сызықтары бар қара кастөмім ше? Оны да киемін. Мамам айтқан… Алматыда жаз кезінде де түн суық болады деп…

Баланың осынша зеректігіне тәнті болып, Есмағамбет Сержанды қайта құшақтады.

Бала енді арман-мақсатына жеткендей елеуреп тұрып:

Сосын екеуіміз базарға барамыз ғой, — деді тағы да.

Базарға неге барамыз?

Онда мамам бар емес пе?

Иә, мамаңа барады екенбіз ғой.

Мамамды тауып алсақ… әр жағында папамды , іздемейміз бе? Олар базарда бір-бірінен адасып қалған ғой. Өйткені, базар үлкен. Мамам айтқан Алматының базарының мына шеті мен ана шетіне көз жетпейді деп… Құжынаған халық деп…

Мамасы мен папасы жайлы баланың шабыттанып айтқаны сондай, осы қалпында пойызға қазір мініп кетердей, тіпті пойызды күтпестен-ақ құс болып ұшып кетердей алып ұшқан екпін бар еді. Ол-олма, сәлден соң Сержанның көздерінде үлкендігі бұршақтай жас тамшыларының пайда болғанын қайтерсің.

Енді Есмағамбеттің өзі іштей қатты састы. Сасқан себебі баланың сезіміне осыншалық әсер етіп, ендігі жерде оны Алматыға алып кете алмаса, ұмытылмас күнә болардай еді Бірақ: “Алып кетсем, несі бар… алып-ақ кетемін. Мамасына табыстаймын. Тіпті біздің үйде де жүре береді. Онда қандай қиындық бар?” —деп өзін өзі жұбатып барып, көңілі тынғандай болды.

Ол Сержанды кеудесіне тарта құшақтап тұрып:

Мамаң келді ме? — деді сәлден соң.

Келді.

Қашан?

Ана-ау жазда.

Жаз енді болды емес пе?” деп Есмағамбеттің түзеткісі келіп тұрды да, тағы да үндемеді. Шамасы, Сержан үшін көктем де жаз, жаз да жаз секілді.

Мамам мынадай күн болды, — деп бала екі саусағын шошайта беріп, енді әңгімені өзі жалғастырды. — Мына күні пойызға мінді, — деп сосын үшін саусағын шығарды.

|– Мамаң не деді?

Мамам ба? Мамам-м…— Баланың көздері күлімдеп, бұған еркелегендей оңды-солды қисалаңдап тұрды да: — Ештеңе деген жоқ, — деді қуланып.

Сонда саған ештеңе айтқан жоқ па?

Мамам ба, мамам-м… Жоқ, айтпады.

Бала көздері күлімдеген қалпы енді Есмағамбетті құшақтап жатып сықылықтап күлді. — Мамам ба, мамам-м… не дегенін ұмытып қалдым, — деп өзгеше қылық тауып, мұның мұртына бетін басты.

Тікен сияқты-ы,— деді бала сосын сықылықтап күліп және сөйтіп тұрып-ақ Есмағамбеттің тікірейген қап-қара мұрттарына екі бетін кезек-кезек басумен болды.

Сосын бала өз-өзінен күлкісін тыйып, Есмағамбеттің көйлегінің түймелерін шұқылап отырып: — Мамам кетерінде бетімнен сүйді,— деді ақырын ғана бұған өзгелерден ұрлап айтқандай болып.

Сосын.

Сосын ба, сосын-н… сол… сүйді… Сосын бұрылып кетіп бара жатқанда мен: “Мама-а, тағы бір сүйші” дедім.

Сосын.

Ол қайта бұрылып келіп, бетімнен тағы да сүйді.

Сосын…

Сосын не болушы еді… Бұрылып келіп сүйгеннен кейін, ол қатты жылап қалды. Әжем де жылады. Мен де жыладым. Атам ғана жылаған жоқ. Мамам-м… сосын ол кетіп қалды. Өйткені мінетін пойызының уақыты болып қалған.

Мамам кеткен соң, жеміс ағаштарын аралап жүріп атам да жылады. Ол солай… үнемі жұрттан жасырып жалғыз жылайды. Ал мен оны бәрібір біліп қоям-м…

Бала осылай деп, көздерінің жасы дөңгеленіп тұрып, атасы мен әжесі сиырларымен әуреленіп жүрген қора жаққа бір қарап алды, кенет қайтадан Есмағамбетке еркелеп, мойнына асылып:

Сосын-н… сосын-н… дей береді екенсің, — деді, мұң мен қуаныш аралас көздері жасаураған күйде жалт-жұлт қарап.

Мынадай әңгімеден кейін Есмағамбеттің өзі де толқып қалды. Бір жағынан балаға осындай құпия сырын айтқызғаны үшін ыңғайсызданды да. Енді ол әңгімені мүлдем басқа жаққа тезірек бұрып жіберуге асығып: “Алтыаяқ атанды білесің бе?”, “Аязбай атанды білесің бе?”, “Кертұмсық атанды білесің бе?” деп жақын туыстар жайын сұрап кетіп еді. Бала бәрін де көріп жүрген, білетін болып шықты. Бірақ:

Аязбай атамды жақсы көрем,— деп ерекше тандау жасады.

Неге? — деді Есмағамбет аз-кем таңырқап отырып.

Өйткені ол балмұздақ сатып әперген. Мынша рет,— деп бала екі саусағын шошайтты.

Өзгелері балмұздақ сатып әпермеді ме?

Жоқ-қ,— деп бала басын шайқап кіржиді. Кіржиюі “олар балмұздақ сатып әперуді қайдан біле қойсын” дегендей менсінбеу еді.

Балмағамбет атаң ше?

Ол сатып әпермек түгілі… тамағың ауырады деп ұрсады… Бала “бұл атамды да қойшы” дегенді аңғартқандай тағы да кіржиді.

Ендігі жерде балмұздақ мәселесі Есмағамбеттің өзін де ойландырып тастады. Ол қозғалақтап, сипаланып, шалбарының екі қалтасын кезек тінтіп жатып:

Сержан, бұл маңайда балмұздақ сататын дүкен бар ма?— деп қалды. Бала да Есмағамбеттің осылай деуін ғана күтіп тұрғандай:

Анда бар-р… Мында-а бар-р… Сосын ана жақта тағы біреуі бар-р,— деп қолын үш тұсқа сілтеді.

Бірақ ең жақсысы “Шағала”… ол ана жақта,— деп бала қолымен әуелгі сілтеген тұсты қайта мегзеді.

Сонда оның несі жақсы… “Шағаланың”.

Бала тағы да мүдірген жоқ. Сабаққа зерек шәкірттей сартылдап тұр:

Оның жақсысы… балмұздақтың әр түрі бар… Сосын ол дүкен жұрт ұйықтағанша істей береді.

Абырой болғанда, Есмағамбеттің теңгелері шалбарының қалтасында екен. Тіпті іште ілулі қалған костюмінің қалтасында қалған күнде де, ол амалсыз барып, алып шыққан болар еді. Өйткені оның ендігі жерде Сержанға балмұздақ алып бермеске айла, амалы да қалмағандай.

Онда сол “Шағалаңа” барайық,— деді ол орындықтан көтеріле беріп.

Біздің үйге ол жақын,— деді бала мұны ынталандыра түскісі келгендей.

Алыста болса да барамыз…

| Есмағамбеттің осы нық мінезі Сержанға да қатты ұнағандай, атасына бір сәт сеніммен әрі риза болып қарап тұрды. Осы кезде малқора жақтан шығып келе жатқан Балмағамбет:

Е — Е, қайда тұрдыңдар? — деп қалды таңданыспен.

– “Шағалаға” бармақпыз, — деді Есмағамбет.

Ойпырмай, өйтіп-бүйтіп сені де түсірген екен-ау. Осы баланың осындайы бар… Майдалап сөйлеп тұрып-ақ, әйтәуір, дегеніне көңдіреді. Ана Аязбай ағаң бір жолы: “Әй, Балмағамбет, маған екі жүз теңге бере тұр. Мына балаға қарыз болғанша, бұл дүниеден саған қарыз болып кетейін” деп, екі жүз теңге алғаны бар.

Балмағамбеттің бұл сөзіне қосылып, Есмағамбетге кеңк-кеңк күліп алғанымен, Сержан үндемеді. Бала үшін қазіргі басты шаруа Есмағамбеттің нілдей бұзылып, айнып қалмауы… сөйтіп аман-есен “Шағалаға” жетуі секілді.

Есмағамбетті дүкенге қарай бастап келе жатқан Сержан өте көңілді еді. Ол аузы әңгімеден босамай сөйлеп келе жатып та, аяқтарын билеп басып, кейде өз-өзінен секіріп, ішкі қуанышының әсерін де жасыра алмады. Бір жағынан кыстақта тұратындарды түгел танитынын білдірердей пікір туғызып, әрі сонысына мақтанғысы да келгендей.

Мынау үйдің иесі ұры,— деді ол жартысы ақталып, жартысы ақталмаған және сол көрінісінің өзі күлкілілеу көрінетін бір үйдің тұсынан өтіп бара жатқанда. — Ол мал ұрлайды… вагоннан көмір де ұрлайды. Сотталып кетпек болғанда… пәре беріп қалды.

Атын айтып еді, Есмағамбет танымады.

Ал мен оны танимын,— деді бала лепіріп. — Ол біздің үйдің сиырын да ұрлай жаздаған. Атам біліп қойып… Сиырымыз аман қалды…— Тағы бір үйдің тұсынан өтіп бара жатып: – Бұл үйде Айшагүл деген мамамның кластасы тұрады. Ол мені көрсе болды, бетімнен сүйіп, басымнан сипайды. Ол өте жақсы адам,— деді сондай көңілдене дауыстай сөйлеп. Есмағамбет үнсіз басын изеді.

Енді бір үйдің тұсында жеткенде:

Мына үйдің моншасы бар,— деді бала. — Мен бұл үйге мамамды ертіп әкелгенмін. Моншадан шыққан соң, ертіп әкеткенмін.

Атаң мен әжең бұл моншаға келмей ме? — деп қалды Есмағамбет те баланың әңгімесіне араласқысы келіп.

Жоқ. Олар моншаға түспейді. Моншаға түсуге ақшалары жетпейді. Сондықтан үйде жуынады. Мен де үйде жуынамын. Ал менің мамам… ол үйде жуынбайды. Оның ақшасы бар.

Есмағамбет одан әрі үндеген жоқ. Өйткені немере ағасының хал-ахуалы баланың осы сөздерінен-ақ толық аңғарылып тұрғандай еді.

Бұлар дүкенге кіріп келгенде, сатушы келіншек Сержанның тағы да балмұздақ сатып аларын білгендей, тоңазытқыштың маңына қарай жүрді.

Неше балмұздақ керек?

Бала жауап орнына Есмағамбетке бұрылды.

Есмағамбет ойланбастан: “Қанша алғың келсе, сонша ал, балам…”— деген кезде баланың жүзі жайрандап, “атамның айтқанын естідіңіз ғой” дегендей, сатушы келіншекке қарады. Сосын тоңазытқыштың есігі мол ашылған сәтте, сатушының бірдеңе деуін күтпестен-ақ, бала мұздап тұрған балмұздақтардың ана түріне де, мына түріне де қолды салды дейсің… салды дейсің…

Баланың мына қылығына күлімсіреген күйі сатушы оның қос уысы тола әртүрлі балмұздақтардың бағасын әуелі есептеп, Есмағамбетке бұрылып:

Үш жүз жиырма теңге,— деді де, баланың уысындағы балмұздақтарды пакетке сала бастады.

Сержанның қайтар жолдағы көңіл күйін тойға бара жатқандай, әлде тойдан келе жатқандай десе де болар еді.

Қолында етегі жерге сүйретілген, балмұздақ салынған көк пакет. Аузындағы сөзді біреу тартып әкетердей асығып-аптығып сөйлейді:

Мен мұның қазір біреуін-ақ жеймін… онда да тарелкеге салып, ерітіп.. Қалғанын тоңазытқышқа саламын,— деді ол асып-тасып сөйлеп келе жатып, — Ертең таңертең тағы біреуін… Күн әбден ысыған кезде тағы біреуін… Сосын-н арғы күні-і, — дей беріп бала тоқтап, Есмағамбеттің бетіне қарады. Арғы күні-і… пойызға мінеді екенбіз ғой.

Иә, ол күні Алматыға кетеміз ғой,— деді Есмағамбет те күндізгі айтқан уәдесі есіне түсіп. — Сонда сен балмұздақтардың қалғанын қайтпексің? Атаң мен әжеңе беріп кетесің бе?

Жоқ. Олар балмұздақ жемейді ғой. Бұл жерде кәрі кісілер балмұздақты қолдарына ұстамайды да. Сондықтан мен қалған балмұздақтарды Сағынай деген досыма беріп кетемін. Әрі көрші, бір үйден кейін тұратын… Оның балмұздақ сатып әперетін аталары да жоқ. Тіпті, мен оған Алматыдан келген атам сатып әперді деп, қазір-ақ біреуін берсем де болады.

Дәл осы сәтте Сержан шын бақытты еді. Ол асып-тасып сөйлеп келе жатып та аяқтарын кейде билеп басып, кейде өз-өзінен секіріп, секектеп, үнемі алда келе жатты. Баланың көңіл күйіне орай, Есмағамбет те көңілді еді. Бір жағынан, сәбиді осынша қуандырғанына іштей риза. Осы көңіл күйінің әсері болар, бір кезде атақты мақтаншақтардай:

Әй, Сержан, осы сен оңашада шынынды айтшы… Қай атанды жақсы көресің? — деп еді.

Бала ойланған жоқ. Тіпті Есмағамбет атасының осы сұрақты түбінде бір қоятынын біліп, әзірленген жанша:

Ең жақсы көретінім Есмағамбет атам… Сосын Аязбай атам… ең соңынан Балмағамбет атам-м… — деді саңқылдай сөйлеп.

Есмағамбеттің қатты күлгені соншалық, осы сәтте жандарынан өтіп бара жатқан екі әйел бұларға бұрылып қарады да.

Күлкісін тыя беріп, тағы да:

Мені бірінші орынға шығарғаның мақұл-ақ шығар… Балмағамбет атаңды ең соңына тіркегенің қалай,— деп еді, Сержан енжар ғана:

Е, өзі де… кейде балмұздақ алып жейтін теңге берші десем, бермейді… Теңгем жоқ деп… Менің мамам оған уыстап теңге бергенін көрдім ғой…

Есмағамбет тағы күлді. Араларындағы әңгіменің көңілді болғаны сондай, күлкі легі үйге жеткенше үзілген жоқ.

Кешкі шай кезінде Сержан Есмағамбеттің жанында болды. Кейде құшақтады. Мойнына асылды. Мұның тікірейген мұрттарына бетін басып, ішек-сілесі қатып күлді.

Атаңның мазасын алма. Баламыз тентек екен деп кетеді ғой,— деп Мейіркүл тоқтау айтқан болып еді, үйренісіп алған бала әжесінің айтқанын құлағына да ілген жоқ. Тіпті Есмағамбеттің иығына асылып тұрып, “түнде сенің жаныңа жатамын” дегенді де ескертіп қойды. Бірақ сөйтіп жүріп өзі дастархан жиналып болмастан-ақ тырайып ұйықтап қалды да, ол ұйықтап қалған соң, күндізгі уәдесі есіне түсіп, Есмағамбет:

Өзін Алматыға ала кетсем қайтер еді? — деп еді, ағасы мен жеңгесі қабаттасып өре түрегелгені.

Оны қайтесің, бейнет қылып, — деді Балмағамбет.

Барған соң оны Күміскүл сіздің үйден алып кетуі керек. “Мамама барамын” деп өзі де қылқылдап бітер. Сонан соң ол қыз жұмысын істей ме, әлде мұны баға ма? — деді Мейіркүл өзінше күңкілдеп.

Бұл әңгіме одан әріге созылған жоқ. Поезда шала ұйқылау болып, оның үстіне күндізгі ырду-дырдудан шаршаған Есмағамбеттің өзі де енді жату қамына ыңғайланған еді.

Ертеңгілікте ол кеш оянып, жуынып болған соң, бірауық жеміс ағаштары арасында серуендеген. Ауа мөп-мөлдір. Және бұл жердің ауасы Алматынікіндей емес, жеңіл. Оның үстіне терістіктен аздаған леп соғып тұр екен, сол леп біржола бойын сергітіп жіберген Есмағамбет күндегі әдетімен қол-аяқтарын қимылға келтіріп, өзінше шынығып жүріп, кенет тағы да Сержанның әдемі үнін естігені.

  • Мома-аа… мома-аа

Сенсің гой ең дана-аа…

Мома-аа… мо-ма-аа.

Дауысы сондайлық ерке. Тап бір мамасының алдында шолжаңдап отырған еркетотай бала секілді.

Есмағамбет бұл әнді бұрын да көп еститін. Бірақ баланың айтуында сондайлық әсем естілетіндігін аңдауы осы жолы еді. Сондықтан ол баланың әлгі әуенді қайталап айтуын да ықыласпен таңдап тұрып: “Өзі қайда отыр?”— деп мойнын созып, жан-жағына қарап еді, көрінбеді. Сөйтсе, бала бұтақтары жан-жағына тарбиып өскен өрік ағашының түбінде тағы да ойыншық күрегі мен ойыншық шелегіне топырақ салып, ойнап отыр екен де, тарбиған өрік ағашының діңі мен айнала селдіреген жоңышқа сабақтары оны жасырып бағыпты.

Есмағамбет дәл үстінен шыққан кезде бала орнынан атып тұрып, арсалаңдап келіп, құшақтай алды.

Сен ерте тұрады екенсің ғой.

Ерте тұрам-м… шалдар кұса-ап… — деді бала арсаландай күліп тұрып:

Әлгінде “мома” дегенің не сөз, “мама” демейсің бе? — деп еді, бала оған да тосылған жоқ:

Менің солай айтқым келеді… Ол менің мо-омам ғой… Осылай деп тұрып та бала мұның денесіне бетін басып, құшақтап, еркелеуін доғарған жоқ.

Екеуі таңертеңгі шай үстінде тағы да қатар отырды.

Сержан туралған нандарды Есмағамбеттің алдына жақындатып қояды. Шай құйылған кесесін Есмағамбетке алып береді. Оның кесесі босаған сәтте қайтадан әжесіне карай ұзатады.

Шайдан соң жеңіл машина келіп, енді Есмағамбет киінуге ішкі бөлмеге кіргенде ере кірген ол осы оңашалықты да пайдаланып:

Қашан келесің? — деді оны жіберуге қимағандай сезіммен әрі Есмағамбеттің әр тұста ілінген көйлегін, костюмін алып беріп тұрып.

Амандық болса, ертең таңертең…

Сосын-н?

Сосын осында боламын…

Сосын-н?

Сосын жолға шығу керек.

Сосын?

Сен өзің “сосын, сосын” дей береді екенсің.

Сенен үйрендім ғой, — деді бала еркелей күліп тұрып та Есмағамбетке кеше болған әңгімелерді есіне салғандай. Сержанға керегі “екеуіміз поезға шығамыз. Алматыға бірге кетеміз” деген сөздің тағы да қайталануы екенін Есмағамбет білмей тұрған жоқ-ты. Атасы мен әжесінің келісімі болмаған соң, бұл жолы айта алмай, тілін тістеп қалған. Болмаса ол сөз алдымен-ақ көмейіне келуін келіп тұрды ғой. Ойындағы сөзі айтылмағандықтан болар, еркелеуін еркелеп, күлуін күлгенмен, баланың көздері кешегідей ұшқын шашып, жүзі де бал-бұл жана қойған жоқ-ты. Керісінше, өңіне бір кірбің… көздеріне де мұң ұялағандай еді.

Соның бәрін Есмағамбет байқаса да, байқамағандай болып, сыртқа шыкты. Сержан да ілесіп келеді. Бірак бала осы қалпында әншейіндегі кѳп сѳзділігінен де оқыс арылып, томаға тұйық күйге енгендей.

Есмағамбет жеңіл машинаға мінер сәтте ғана ол аз уакыт атасының аяғына оратылған болып, белінен кұшатады. Баланьң бұл айласы да: «Мен туралы қайта ойлан. Уәдеңді ұмытпа» дегені сияқты еді.

Есмағамбет мұны да түсінді. Бірақ сыр берген жоқ. Үлкендерге тән сабырлылықпен елемеген болды.

Ауылдағы туыстары арасында бір күн болып, ертеңіне мініп келген кѳлігімен аудан орталығына қайтып келе жатқанда Есмағамбеттің кѳңіл күйі жұбаулау еді. Сондай күйге түсуінің де себептері болды. Бұл соқпаған төрт жылдьң ішінде тай-кұлындай тебісіп ѳскен төрт-бес қатары дүниеден озыпты. Есмағамбетті кѳрген соң, олардың әйелдері мен бала-шағалары ебіл-дебіл боп жылап қалды. Есмағамбеттің де кәдімгідей кѳңілі босап, көз жасына ерік берген сәттері болды. Бір топ шалдармен бірге барып әулиеге Құран окыды. Ол арада жатқан әке-шешесі... ѳміріне, тағдырына қатысы бар ѳзге де жақын-жуықтар оны бей-жай қалдырған жоқ. Анау үй, мынау үйден шай ішіп, ас жеген кездеріндегі әңгімелер де ауылдағылардың мұң-мұқтаждарының төңірегі еді. Қанша дегенмен, ѳзі туып-ѳскен ауылы емес пе, күндіз есіткен әңгімелерінің әсерімен ананы-мынаны ойлап, түн жарымына дейін ұйықтамағандықтан болар, ертеңгілікте қарадай шаршап, кѳңілсіз оянған.

Ауыл әсерінен, марқұм болған достарын ойлаудан машина ішінде де құтыла алған жоқ. Тіпті қайсыбір сәтте ѳз-ѳзінен кѳңілі босап та калды. Балмағамбеттің үйіне жеткен соң да машинадан кѳңілсіз түсті. Інісінің қабағын аңдаған Балмағамбет те:

Е, бәленше, түгеншелердің үйіне бардың. Содан кѳңілің бұзылған ғой,— деп ѳзінше бәйек болып жүр. Жеңгесі де қонағы қорадан кіргелі самаурынға су кұйып, қазан жуып ѳзінше әбігер. Араларындағы кѳңілді жан Сержан ғана еді. Есмағамбет атасының машинадан түсіп жатқанын алдымен кѳріп, жүгіріп келіп кұшақтап, қолын алып жүрген де сол. Алас-қапаста жолға киетін шалбары мен кѳйлегін түн ішінде дайындап қойғанын да айтып үлгірді. Бірақ бала сѳзіне мән берген Есмағамбет болмады. Бала аяғына оралып, құшақтап, қолын алып жүргенде де басынан сипады ма, сипамады ма, анығы есінде жок,. Оның үстіне, үйге кірген бойда-ақ Балмағамбеттің:

Әй, Сержанжан… атаң жолдан шаршап келген екен. Демалсын. Сен кѳп мазасын алмай, далаға ойна,— деген сѳзі де баланың меселін қайтарып тастағандай. “Сѳйтейін бе? Далаға ойнап кетейін бе? Менің ендігі жерде саған жақындауыма, еркелеуіме, кешегідей сѳйлесуіме болмай ма?” дегендей Есмағамбеттің бетіне аз уакыт жапақтай қарап босағада тұрды-тұрды да, амалсыз сыртқа шығып бара жатты. Бірақ есікті жабарда ол Есмағамбет атасының есіне әлденені салғандай болып тағы бір рет қарады. Сол сәтте баланың кѳздеріндегі әлгінде ғана ұшқын шашқан қуаныш оп-оңай күдікпен үмітсіздікке орын ауыстырғандай еді. Тіпті оның кѳздері енді болмаса жылап жіберердей боталап тұрды ма, немене…

Мейіркүл жеңгесі ішкі бѳлмеге тѳсек салып, Балмағамбет ағасы ол бѳлмені бірлі-жарым ызыңдап жүрген шыбындардан тазартқан соң, Есмағамбет бѳлмеде жалғыз қалып демалды. Бірақ ұйыктай алған жоқ. Кѳздері ілініп бара жатып бір рет кѳшеден салдырап ѳткен жүк машинаның дыбысынан, тағы бір рет біреудің біреуге окыс айқайынан оянып кетті де, әрі аунап, бері аунап біраз жатты. Ақыры орнынан тұрып, киініп сыртқа шықты.

Ұйықтай алмадың ба? Кѳшенің у-шуы ұйыктата қоймас деп ѳзім де ойлап едім,— деп Балмағамбет ағасы бәйек болып жүр. — Душқа жуынып алсаңшы. Кішкене денең жадырасын.

Сѳйтсем, сѳйтейінші.

Балмағамбет жүгіре басып ішке кіріп, сабын, сүлгі алып шықты да, Есмағамбетті бір шетіне шѳп жиналып, екінші шетіне бұзаулы сиыр байланған мал қораны жанай орнатылған душқа қарай бастап келе жатты.

Жуынып алған соң, Есмағамбет расында да кішкене сергіді де, ѳзін поезға шығарып салуға әрі қоштасып қалуға келген екі-үш іні-достарымен де, күндікке қабағын ашпай қойған кірбіңнен арылып, жадырап отырып сѳйлесті. Кѳп ұзамай жеңгесінің үйге сексеуілдің шоғына қайнап, қожылдаған самаурыны да кірді.

Шай үстінде әңгімелері тіпті қызды. Бұл кездері бала Есмағамбеттің жанына жақындай алмай сыртта жүргенімен күндегідей ѳзінше ойнап ұзап та кеткен жоқ. Шай ішіліп біткен шақта қоштасып қалуға тағы бірер дос-туыстары келді де, Есмағамбет олармен сыртта, жүзімдіктің кѳлеңкесінде отырып сѳйлескен-ді. Осы кезде ғана Сержан оған жақындауға әзер мүмкіндік алғандай болып:

Енді Алматыға кетесің бе? — деді еркелегендей үнмен.

Кетпей-ақ қояйын ба?

Ѳзің біл-л.

Бала “одан ѳзге не айтасын?” дегендей Есмағамбеттің бетіне барлай қарап тұр. Мѳлдіреген қап-қара кѳздері әлі де үміттен кұралақан емес секілді. Бірақ, іні-достарымен болып отырған әңгімесін үзіп, баламен болып кетуге де ыңғайсызданған Есмағамбеттің кұлықсыздығын аңдаған соң-ак, бала да көп аялдамай, бұлан етіп теріс айналып кетті.

Осы кезде Балмағамбет:

Жігіттер, қол жуыңдар. Тамақ, болып қалды, — деп астырып, оның сѳзін жастау жігіттердің бірі:

Пойызға ертелеу барғанымыз дұрыс,— деп қостады да, жұрт жаппай түрегеліп, есік алдындағы қолжуғышқа қарай ұмтылды. Асыккан Балмағамбет қайсыбірлерінің қолына кұманмен-ақ су құйып жатты. Дабырласқан жігттерден соңырақ кѳтеріліп, қолжуғыш маңына енді бара бергенде, тағы да Есмағамбеттің жанына Сержан үйіріле кеткені.

Сен бұл жолы мені Алматыға алып кетпей-ақ қой, — деді бала мұндайда құшактай кетіп немесе қолынан ұстай қоятын әдетін де жасамай, томсырайып тұрып.

Неге? А-аа? — деп қолын жуып жатқан Есмағамбет балаға берген уәдесі енді есіне түскендей сасқалақтап қалған.

Кейін барасың ба? Тағы бір келгенімде-е…

Бала жауап берген жоқ. Ол тіпті мұның жүзіне де тура қарамай, кѳздерін әлдеқайда алып-қашып тұрды.

Сержанмен арадағы әңгімесі одан әрі жалғасар ма еді, әлде қайтер еді, осы кезде іштен бұл сүртінетін сүлгіні желбірете кѳтеріп Балмағамбеттің де шыға келгені.

Бала бұлар ет жеген кезде де, еттен соң да, шала-шарпы шай ішкен тұста да кѳрінген жоқ. Абыр-дабыр әнгімемен оны Есмағамбет те ұмытып кеткен-ді. Тіпті шығарып салушылар қонақтың чемодан, сѳмкелерін кѳтеріп, сыртка шыққан кезде де бала кѳзге шалынбаған еді. Жұртпен дуылдаса қоштасып, енді жеңіл машинаның алдына отыра бергенде барып Есмагамбететің кѳзіне Сержанның түскені. Ол қолына ойыншық күрегін ұстаған күйі, (шамасы, ол ойнап жүрген жерінен атып тұрып, жұртка ілесе кеткен сияқты), шығарып салушылардан бѳлек тұр екен. Жүзі алабұртулы. Ѳткір кѳздеріне ыза мен мұң ұялағандай. Бірак, жанарын аудармай, Есмағамбетке тесірейе қалған. Сол қалпында ол: “Ақыры мені ертпедің бе? Берген уәдеңде тұра алмадың ба?” деп тұрғандай еді.

Есмағамбет кабина ішінде: “Осы балаға да қайта түсіп, бірдеңе деуім керек пе еді? Десем, не деуім керек ѳзі?”— деп ойланып отырғанда жанына келіп жайғаса берген кѳлік иесі – інісі машинаны оталдырып та жібергені. Машина жылжи берген сәтте-ақ жапырласа қол кѳтеріскен топтан бѳлінген бала тап терезенің тұсында ілесе, жүгіріп келе жатты. Ыза мен мұң… ұялаған кѳздері енді ашуын қоса шашып, ұшкындап тұрғандай ѳткір де сесті. “Кеттің бе? Ақыры мені алдадын ба?” деп келе жатқандай ма-ау. Есмағамбеттің ѳміріндегі баладан жасқанғаны да осы шығар. “Ойпырмай, осы бала… Тоқтап, ѳзіне кішкене басу айтып, жұбатып кетсем бе екен?” — деп іштей ойлана бергені де сол еді, кѳлікте бірге отырған достарының бірі бала кездерін еске салатындай жаңа бір әңгімені бастай бергені… Соларға қарай бірдеңе айтуға оқталып, жүгіріп келе жатқан баладан жүзін бұрып кұтылды-ау, әйтеуір. Тіпті, баланың машинамен қанша жарысқанын да аңдай алмады. Ѳйткені вокзалға жеткенше ол кѳлік ішіндегі достарыныц әңгімесінің қызығымен болып отырды.

Вагонына мініп, купесіне жайғасқан соң да, тойдан қайтып келе жатқан кѳңілді жолаушыларға тап болып, бала түгілі, бірауық, барып қайтқан ауылын да ұмытып кеткен-ді. Ұйқыға кетерде де артық-ауыз ештеңе ойлай қойған жоқ еді… Таңға таяу бір оянғанында барып, кенет есіне Сержан түсе қойғаны. Есіне түсуі әуелде жай ғана сияқты еді. Содан баланың, ыза мен мұң ұялаған кѳздері елестеді ме-ау… Ашудан булығып, машинамен қабаттаса жүгіргені ойға оралдыма- ау… Не керек, бала үшін ѳз-ѳзінен енді қысылса болар ма? Қысылғандығы ғой тѳсегінде әрлі-берлі аударылып жатып: “Ойпырмай атаң мен әжең кѳнбеді. Болмаса осы жолы Алматыға алып-ак кетер едім… дегенді айтып неге ақталмадым” — деп ѳкінді. Содан кейін де ұйыктап кетердей-ақ болып жастыққа жабысып қанша жатса да, Құдайым-ау, ойдан ой балалап, тағы да не болса соны қиялдап кетсе болар ма… “Енді елге үш жылдан кейін келемін бе, әлда төрт жылдан кейін келемін бе, әйтеуір, келемін ғой. Сонда жетіге, яки сегізге толған бала маған қандай ѳкпе, өшпенділікпен карайды деші… Кешірімді болып, осы жайдың бәрін ұмытып кетсе жақсы. Дықшыл болса, ол бала азамат болғанша… одан әрі ақсақалды, ақ, шашты шал болғанша ұмытпастай-ақ іс жасадым-ау”. …Ойларының ауырлығынан шығар, бір сәтте Есмағамбетке ѳзі жатқан купе іші де үрейлі сезінді. Поездың доңғалақтары да мұны өңмеңдеп қуып келе жатқан әзірейілдей… Тіпті, Сержан осы поезбен де қабаттаса жүгіріп келе жаткандай кѳрініп, отағасы орнынан тұрып, купенің терезесінен қаранғы далаға бірауық, қарап отырғанына не дерсіз… Тойдан қайтып келе жатқан кѳршілерінің қалың ұйкыда жатқаны да абырой болды. Болмаса таңданар еді.. күлер еді… Бәлкім, Есмағамбеттің ақыл-есіне секемденуі де..

Содан тѳсегіне қайта жатты. Қайта жатып та ұйықтай алсашы. “Ойпырмай, қаршадай баланың кѳңіліне келер іс жасадым екен деп… осынша әбігерге түскенім қалай?”— деп ѳзін ѳзі кінәлап та, жұбатып та кѳрді. Бәрібір ұйқы жоқ. Ал не істейсің. Ұйкы орнына Сержаннын жүзі бірде еркелеп жаксы кѳріп, енді бірде сұп-суық әрі тоңтеріс күйде елестеп есін шығарды.

…Таң атарда барып кѳзі ілінген екен… Тағы да сол Сержанның, әнінен оянып кетті:

Мо-ома-а… мо-ома-аа…

Сенсің ғой ең дана-аа…

Мәңгі дос сен гана-а..

Мома-а… мома-аа…

Құдайым-ау, дүниеде сәбидің дауысынан әдемі…сәбидің дауысынан ѳткен мұңды әуен бар ма ѳзі?” — деді ол ұйқылы ояу күйде де, бала алдында кінәлі боп, мүлдем жеңілгенін білдіргендей, басын оңға бір, солға бір бұрып, сонда да жай таппағандай мазасы кетіп жатып. Поездың дүрсілдеген доңғалақтары да ѳзін ентелей қуып келе жатқан баланы еске сала берген соң, тағы да түрегеліп отырып, терезеден сыртқа ұзақ қарамақшы еді… Бұл жолы кѳршілерінен қысылды.

Тынымбай НҰРМАҒАМБЕТОВ.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз