Қарағанды гарнизонында жаңа оқу кезеңі басталды…
04 қаңтар күні Қарағандыдағы Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы, 6505, 5451, 5516 әскери бөлімдерінде қысқы оқу кезеңі басталып кетті. Өңірлік қолбасшылықтың жеке құрамымен алғашқы мемлекеттік-құқықтық дайындығы сабағын өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков өткізді.
Жаңа оқу кезеңі әрбір әскери қызметші үшін маңызды, себебі осы кезеңнен бастап әскерилермен теориялық, практикалық күйде мемлекеттік-құқықтық , жауынгерлік, кәсіби-лауазымдық дайындығы бойынша сабақтары өткізіледі. Бірінші күнгі сабақтарды әскери бөлімдердің командирлері өткізді, дейді тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі басқармасының мәдени шаралар және қоғаммен байланыс жөніндегі офицері подполковник Еркебұлан Каримов.
«Қазақстан Республикасының Президенті — Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, Қазақстан азаматының әл-ауқаты жайлы» тақырыбында алғашқы сабағы өткізілді. Дәріс кезінде еліміздің 2023 жылдағы жетістіктері мен қойылған мақсаттардың орындалуы жайлы айқындалса, екінші үшінші оқу сұрақтарында еліміздің қорғаныс саласының дамуы, Ұлттық ұлан және Орталық өңірлік қолбасшылығының қызметтік-жауынгерлік әрекеті қорытындыланып 2024 жылға бекітілген жоспарлары жеткізілді.
Айта кетсек, қысқы оқу кезеңінде әскерилермен жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ететін пәндер бойынша әрбір сатыдағы әскери қызметшілермен сабақтарды толық қамды өткізу жоспарларған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз