Қарағанды мектептері 5 күндік оқу жүйесін сақтай алады

Білім саласындағы соңғы өзгерістерден соң, аймағымыздағы бір қатар білім ошақтары 6 күндік оқу жүйесіне оралған болатын. Бірақ, бұл ата-аналардың наразылығын туғызды. Әлеуметтік желідегі шудан бөлек, Шахтинск пен Саран қаласының ата-аналары білім бөлімін торуылдап, айқай шығарған болатын. Осыдан соң, облыстық білім басқармасы мектептерге 5 күндік оқу режимін енгізу туралы ұсыныс тастады. Десек те, лицейлер мен гимназияларда 6 күндік оқу сақталуы мүмкін.

«Ата-аналардан келіп түскен өтініштерін назарға ала отырып, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшыларына бес күндік режимге кіру үшін кесте құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Сонымен қатар, оқу жоспарында көзделген гимназиялық және лицей сыныптары үшін қосымша сағаттарды сенбі күндері өткізуді ұсынамыз», — делінген Білім басқармасы таратқан ақпаратта.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз