Қарағанды облысында ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктері кеңейтілуде
Қарағанды облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Соңғы уақытта арнайы ұйымдар желісі бес бірлікке ұлғайтылды: өңірде аутизмі бар балаларға арналған алғашқы орталық, Шахтинск қаласында ПМПК, Қарағандыда инклюзияны қолдайтын үш кабинет ашылды. Жазда түзету кабинеті Саранда да жұмыс істей бастайды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім беру жүйесінің дамуы туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтып берді.
2025 жылға дейін Қарағанды облысында 22 жаңа мектеп салу жоспарлануда.
– 22 мектептің 18-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында және төртеуі облыстық бюджет есебінен салынады, оның ішінде екі мектеп – 200 орындық Қарқаралы ауданының Талды ауылындағы апатты мектептің орнына және 150 орындық Бұқар жырау ауданының Новостройка ауылында салынады, – дейді Ермағанбет Бөлекпаев. – Биыл 13 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Қарағандыда биыл үшінші Оқушылар сарайының құрылысы басталды.
Бүгінгі таңда мектептерде 1–4 сынып оқушылары, ал балабақшаларда «әлеуметтік осал» санатындағы балалар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Лизингтік қаржыландыру есебінен мектеп автопаркі екі есе ұлғайтылды.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз