Қарағанды облысында қоғамдық көлікті жаңарту жүріп жатыр
Көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін Қарағанды облысында автопарктерді жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін 195 автобус сатып алынады, оның 187-сі сатып алынды.
Нәтижесінде Қарағанды маңына қызмет көрсететін автобустардың 50%-ы жаңартылады, деп атап өтті облыс басшысы Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ брифингінде.
Сондай-ақ, биыл 1354 км автожол жөнделді, оның ішінде 700 км жергілікті желі.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 22 ауылдық елді мекенде жол жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз