Қарағанды облысында қысқы жолдың күтіміне дайындық жасалуда
Қарағанды облысында қыс мезгіліне дайындық жүріп жатыр. Автожолдарға ерекше назар аударылады. Биылғы жылы 58 мердігер ұйым жолдарда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 1200-ге жуық адам және 1000-нан астам техника жұмылдырылады. 1 қарашадан бастап жол пайдаланушы ұйымдар күшейтілген режимге ауыстырылды.
Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте жолдарды қысқы күтіп ұстау мәселелері талқыланды. Жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов осы уақытқа дейін қандай жұмыстар жасалғанын және әлі де қандай жұмыстар атқарылуы керектігін мәлімдеді.
– Автожолдарды қысқы кезеңге дайындау үшін жол жиектерінен шөп шабылды, жер төсемінің жиектері мен беткейлерінде бұталар мен жабайы өсімдіктер кесілді, сондай-ақ жол-пайдалану техникасына жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта су өткізгіш құбырлардың саңылауларын жабу, жанар-жағармай материалдары мен қажетті құралдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Облыста ұзындығы 241 км болатын 122 жиі қар басып қалатын учаске бақылауға алынды, – деп хабарлады Мақсұт Қожанов.
Көктайғаққа қарсы материал, құм және тұз дайындалуда. Жолдарда қосымша мыңға жуық уақытша ескерту белгілері орнатылады. Автокөлік жүргізушілері қолайсыз ауа-райында паналай алатын 35-тен астам жылыту пункттері мен өндірістік үй-жайлар ашылады.
Қарды бөгеттейтін қалқандар мен қоршауларды орнатумен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ айналысады. Жыл соңына дейін 12 бірлік аралас жол машиналарын сатып алу жоспарланған.
Сондай-ақ, қысқы кезеңге дайындық туралы қалалар мен аудандардың әкімдері есеп берді. Атап айтқанда, Қарағандыда қыста 300-ден астам арнайы машина мен 360 жұмысшы жолға шығады.
Ермағанбет Бөлекпаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне, жолаушылар көлігі басқармасына, «ҚазАвтоЖол» филиалына, полиция және ТЖ департаменттеріне барлық қарлы учаскелерге ерекше назар аударуды тапсырды.
– Көлік құралдарының қозғалысы үздіксіз болуы үшін қар тазалау техникасының уақтылы шығуын қамтамасыз ету қажет. Облыс жолдарындағы жедел ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу. Ауа-райының нашарлауы кезеңінде автокөлік құралдарының шалғай елді мекендерге шығуына жол бермеу қамтамасыз етілсін, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпае
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз