Қарағанды облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысу үшін жергілікті компаниялардың тізімі қалыптастырылуда

Жайлы мектептердің құрылысы мен жарақтандыруында отандық өнім пайдаланылатын болады. Қарағанды облысының 500-ге жуық тауар өндірушілері ықтимал өнім берушілер тізіміне енгізілген. Тізімді өңірлік кәсіпкерлер палатасы қалыптастырады.

«Қазақстандық жиһаз өнімдерін, құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірушілердің тізілімі қалыптастырылуда. Болашақта ол «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға ұсынылатын болады. Бүгінгі таңда Қарағанды облысынан тізілімге 495 компания енгізілді», – деп хабарлады ӨКП.

Ұлттық статистика бюросының деректері негізге алынғаны атап өтілді. Кәсіпкерлердің мәліметтерді тексеруге және өзектендіруге мүмкіндігі бар. Өзгерістер енгізілу керек болған жағдайда қадамдық нұсқаулық ұсынылады (https://atameken.kz/uploads/content/files).

Барлық сұрақтар бойынша Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасына, жобаларды сүйемелдеу бөліміне, — (8-7212) 506-411, e-mail: project-support.kgf@atameken.kz.

Жиһаз бойынша байланыс: 8-778-848-96-96 (Меруерт Мұқашева), құрылыс материалдары – 8-701-530-20-70 (Ясмина Балаева), жабдықтар – 8-700-750-57-11 (Алмат Мағзин).

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектеп құрылысы дирекциясы болып анықталды. Қарағанды облысында 2023–2025 жылдары 18 мектеп салу жоспарланған.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз