Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешенінде 10 миллиард теңгеге инвестициялық жобалар іске асырылуда
Қарағанды облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында 24 жоба аяқталды. Бар-жоғы 10 млрд теңгеге 28 инвестициялық жоба іске асырылуда. 193 жұмыс орны құрылады.
Бүгінгі таңда өңірде егіс алқабының 97%-ы жиналды.
– Қолайсыз ауа-райы егін жинауға және астық сапасына әсер етпеді. 651 мың тонна астық, 254 мың тонна картоп және 32,3 мың тонна көкөніс жиналды, – деді Қарағанды облысының басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте.
Сондай-ақ, ол облыста мал басы көбейгенін атап өтті. Өткен жылдың деңгейінде ет өндірісі қамтамасыз етілді, биыл сүт 1,8%-ға, жұмыртқа 8%-ға көбірек өндірілді.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз