Қарағанды облысының моноқалалары мен ауылдарында тұрғын үй, мектептер мен медициналық нысандар салынуда

2025 жылға дейін Қарағанды облысында 22 мектеп салынады, оның 18-і «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша.

10 жайлы мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар, Қарағандыда тағы бір заманауи оқушылар сарайы пайда болады. Жыл соңына дейін сондай-ақ 400 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр, кезекте тұрғандар саны 700 адамға қысқаруы тиіс.

– Біз тек облыс орталығын ғана емес, моноқалалар мен аудандарда да үйлер саламыз. Облыста барлығы 392,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 400 мың шаршы метрге жеткіземіз, – деп хабарлады Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ брифингінде.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету – өңірдегі басым міндеттердің бірі. «Жас отбасыларға арналған ипотека» бағдарламасын 97 отбасы пайдаланды, 153 қарыз беру жоспарда бар. Сондай-ақ, кеншілер мен металлургтер үшін жеңілдетілген ипотеканың өңірлік бағдарламасы жұмыс істейді, 2 млрд теңгеге 121 ипотекалық несие берілді.

Денсаулық сақтау нысандарын салуға және ауылдық аудандар мен моноқалаларға дәрігерлерді тартуға да көп көңіл бөлінуде. Ауылдарда 92 денсаулық сақтау нысаны салынуда, оның 14-і осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Балқаш пен Теміртауда орталық ауданаралық ауруханалар ашылады.

Ауылдық жерлерге дәрігерлерді тарту үшін қосымша қаржылық қолдау бөлінді – әрбір медицина қызметкеріне 5 млн теңгеге дейін берілді. 69 маман шетелде оқудан өтті.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз