Қарағандыда Ұлттық ұлан сарбазының туысқандарына құрмет көрсетілді
2023 жылғы 15 қараша күні Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің жеке құрамы саптық алаңда сап түзеді. Бөлім командирі подполковник Рауан Омаров ІІМ орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың бұйрығымен бір жылдық мерзімді қызметінде әскери тәртіпті сақтағаны, жауынгерлік дайындықтың үздігі атанған материалдық техникалық қамтамасыз ету ротасының сарбазы қатардағы Николай Руденконың туысқандары Виталий Владимирович пен Наталья Сергеевнаға ұлдың үлгілі тәрбиесі үшін «Алғыс хат» табысталды.
Николай Руденко 2022 жылдың желтоқсан айында Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне шақырылып, комиссия мүшелерінің шешімімен Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөліміне шақырылған болатын. Бір айлық дайындық курсын өтіп, келешегі бозбала бүгінде тәртіп сақшыларының қатарында өзгеден алға шығып қызметтің алғыры атанып отыр.
» Бүгін барлық бөлім алдында үздік атанып отырмын, бірақ өзімді алғырмын деп санамаймын, барлығымен бірге қызметке бөлініп, күнделікті борышымды өтеп жүрдім. Қарап тұрсам, үздіктер қатарына көптеген сарбаздар лайық, ауылынан алыстап ел алдындағы борышын өтеу үшін келген абыройлылар көптен көп, ештеңе де жоғалтпадым, әскери бөлім басшылығына, командирлеріме алғысым шексіз, деп қуанышымен бөлісті сарбаз.
Николай Сергеевич қызметін өтеп болған соң, үйіне оралып, академиялық отпускке шығып тоқтатылған Тараз қалалық инновациалдық-гуманитарлық университетіндегі дене шынықтыру мұғалімі, темір ұстасы мамандығы бойынша оқуын аяқтамақшы.
Атап өтсек, Қазақстан Республикасы ҚК басқа да әскерлермен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысының 51 бабына сай көтермелеу — әскери қызметшінің туған жеріне немесе бұрынғы жұмыс (оқу) орнына әскери борышын оның үлгілі орындауы туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау — мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне қатысты қолданылады, бұл ретте әскери қызметшінің туған жеріне немесе бұрынғы жұмыс (оқу) орнына әскери борышын оның үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулерә туралы мақтау қағазы жолданады.
ҚР Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз