Қарағандыдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бала қайтыс болды

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында улану салдарынан мүмкіндігі шектеулі бір бала қайтыс болды. Алтауы жансақтау бөлімінде, — деп хабарлады Ortalyq.kz

30 шілдеде Орталықта екі баланың жағдайы нашарлаған. Атап айтқанда құсып, іштері өткен. 31-шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылды.

– Дәрігерлер жедел шаралар қолданғанына қарамастан балалардың бірі қайтыс болды. Бүгінгі таңда алты бала жансақтау бөлімінде. Қалғандары дәрігердің бақылауында, – деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауруханаға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келді. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және емдеуші дәрігерлермен жедел кеңес өткізді. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді.

Ермағанбет Бөлекпаев тергеу нәтижесінде жауапты тұлғалар анықталып, қатаң жазаланатынын атап өтті. Мекеме директорының міндетін атқарушы қызметінен босатылды.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз