Қарағандылық ақын Мақсат Ақанов «Алтын домбыра» иегері атанды

Астана қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. «Еңбек — ел ырысы» тақырыбында өткен жыр аламанында жерлесіміз Мақсат Ақанов топ жарып, «Алтын домбыра» иегері атанды. Ол финалдық кезеңде Мейірхан Сұлтанханнан үстем түскен болатын. 

Дәстүрлі жыр додасының бас жүлдесін иеленген Мақсат Ақановқа «Алтын домбыра» мен  автокөліктің кілті табысталды. Ал, бірінші орын алған Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда облысы) — екі миллион теңге мен «Айтыстың ақтаңгері» атағы ұсынылды. Екінші орын  Аспанбек Шұғатаевқа, үшінші орын  Жансая Мусина (БҚО) мен  Төлеген Жамановқа бұйырды.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз