Қарағандылық сарбаз Азия чемпионы атанды…

Ағымдағы жылдың 13 мен 17 мамырында Ақтау қаласында самбо күресі мен океани шеберлері арасында Азия чемпионаты өткізілді. Аталмыш жарысқа Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елінің спортшылары қатысты. Жалпы 400-ден астам спортшының арасынан Қарағандылық Ержан Қоңыров 64-келі салмағында қола жүлдегері атанды.

— Жарыс жоғары деңгейде өткізілді, барлық себептілерге алғысым шексіз. Жарыста ең мықты деген үш қарсыласым болды , әр қазағым жалғызым Ақтаулық палуан, екеуі Өзбекстан спортшылары, басымдық танытып шеберліктерін паш етті. Әрине үлкен дода болғандықтан осалы келмейді ғой мұнда, бағым мен бабым жанып барынша тырысып бақтым, — дейді Ержан Қоныров.

Ержан Қоныровтың спортқа деген құлшынысы кішкентай кезінен бастау алған деседі, әкесі Қайыржан КСРО спортшылары арасында классиқалық күрестен спорт шебері. Әке жолын қуып жас палуан бүгінде өзі де жиырма жылды спортқа арнап біршама жетістіктерке ие болды, атап айтсақ 2022 жылы өткен Қазақстан шеберлері арасындагы самбодан алтын жүлде, 2023 жылы үшінші орын, 2024 жылы бірінші орын, 2023 жылы Азия чемпионатында екінші орын, 2024жылы үшінші орын, 2023 жылы өткен Әлем чемпионатында екінші орынды, 2022 жылғы Қазақстан дзюдошы шары арасында чемпионатынан шеберлер арасында екінші орынды, 2023 жылы екінші орынды қанжығалады. Міне бүгін спортшының қоржыны қола жүлдемен де толықты. Спорттық дәрежеде — спорт шеберіне үміткер.

— Кішкентай кезден барлығымыз көріп өскен Геннадий Головкиннің шаршы алаңдағы өнері әлем алдында қазақ атын, еліміз Қазақстан атын асқақ еткен болатын, соны көріп өзім олар сияқты әйгілі баршаға үлгі боламын деп армандағанмын. Менің ұстанымым қиындыққа берілмеу, тек қана алға ұмтылу, әрбір ауыр сынақты мақсатыма жеткізетін мүмкіндік ретінде көру, иә шүкір мүмкіндігіме орай аз да болсын жетістіктерім бар, шүкір, — дейді спортшы.

Қазіргі кезде Қоныров Ержан Қайыржанұлы Жезказған каласындағы ІІМ Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 аскери бөлімінің 8 жеке аткыштар ротасында маман — бақылаушы болып қызмет атқарады. Отбасында үш ұлы бар, үлкені Ерназар 1 сыныпта оқиды — әкесі ұқсап спортқа бейім, Қайсар 5-ке жаңа толды және үш жасар Қазбек балабақша тәрбиеленушісі. Әр ісіне тыңғылықты қарайтын әскери қызметші ұлдарын әрдайым жаттығуларына бірге алып, спорттық жетілуіне аса мән береді.
— Әрине барлығына уақыт куә, әкелік парызым балаларымды білімді етіп, елінің елеулі азаматы болуға барымды саламын, — дейді маман.

Ұлттық ұлан қатарына 2012 жылы шақырылған қатардағы Қоңыров бүгінде он екі жыл өтілімім бар дейді, қызметтестерінің алдында сыйлы, өз сөзінде әскерде жүріп адал адамдарды таптым дейді.

— Маған қолдау көрсеткен адамдар ікөп, барлығына алғысым шексіз , ерекше айта кететин Амангелдиуұлы Мұхамет Ұлттық ұлан бас қолбасшылығының дене шыныктыру және спорт бөлімінің бастығы, әрдайым сенім білдіріп қолдауын аямаған полковник Сәтжан Абишев мырзаға рахмет, — дейді қатардағы Ержан Қоңыров.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз