Қарттар үйінде тұратын қарағандылық бапкер балаларды жаттықтырып жүр
Қарағанды облысында қарттар үйінде тұрса да, балаларды жаттықтырып жүрген бапкер бар. Жас кезінде талай шыңды бағындырған қарт ендігі кезекте шәкірттерін жетістікке жетелемек. Бұл туралы «Айқын» басылымы жазды, — деп хабарлайды Temirtautynysy.kz
Қазіргі уақытта Есіркеп Жақсыбаев мектеп оқушыларына бокстан шеберлік сағатын өткізіп жүр. Ол күнделікті 2 сағатын спортқа арнайды. Оның «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» — деген спорттық дәрежесі бар.
80-ге жақындаған Есіркеп атамыздың спорттан бөлек ақындығы да бар.
Қазыналы қарт 2011-ші жылдан бері қарттар үйінде тұрады. Бір ұлы қаза тапқан, ал қызы шетелде тұрады. Қазір осында өзімен тағдырлас 90 адам тұрады.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз