Экс-министр сұхбат берді: Асхат Аймағамбетов қазір не істеп жүр?
Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат берді. Әңгіме барысында ол өзінің мемлекеттік қызметке қалай келгені және отставкаға кеткен соң немен айналысып жатқаны туралы айтып берді, — деп хабарлайды temirtautynysy.kz
- Мен қазір үйдемін. Қолым бос. Балаларды таңертең мектепке апару, кешке алып кету… Мен жұмыстан кеткен күні кешкісін балабақшаға бардым. Кіші ұлды алып кету керек болды. Сонда апайы барып: «Әкең келді» десе ұлым «Жоқ, әке емес анам шығар?» дейді. Одан бөлек, үйде жиналып қалған тұрмыстық шаруалар бар, кітап оқуға да уақыт болмай кеткен еді, — дейді Асхат Аймағамбетов.
Экс-министрдің айтуынша, оның қызметтен кеткенін балалары қуанышпен қабылдаған.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз