Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті Қазақстан дегеніміз – жалаң ұран емес»

Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің алғашқы сессиясында елдегі шағын және кәсіпкерлікті қолдау саясатын күшейту қажет екенін айтты. Әлемдік пандемия салдарынан кәсіпкерлердің көп қиындық көргенін айтқан Президент енді  экономикадағы нақты мәселелермен айналысатын кез келгенін атап өтті. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.  

«Мен еліміздің кәсіпкерлеріне үндеу жасағым келеді. Қазақстан – бәріміздің ортақ мекеніміз. Ендеше, қастерлі Отанымызды бірге өркендетейік, болашағымызды бірге құрайық. Мен Президент ретінде Сіздерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетініне кепілдік беремін.
Біз шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілетін арттыру мәселесіне баса мән береміз. Осы орайда, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеу қажет.

Ірі кәсіпорындар және шикізат экспортымен айналысатын компаниялар қазынаға көбірек төлем түсірсе, әділдік болар еді. Бұл әлемде бар озық тәжірибе. Қазір елдегі жағдай түбегейлі өзгерді.  Әділетті Қазақстан дегеніміз – жалаң ұран емес, бұл – анық ақиқат. Алда атқаратын жұмыс көп. Біз бұған бір ел болып түгел атсалысуымыз керек», — деді Президент.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз