Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы енгізілмек

Биылдан бастап қазақстандықтар 4 күн жұмыс істеп, 3 күн демала алады. Бұған 6 қаңтарда Парламент Мәжілісінде қарастырылған Еңбек кодексіне толықтырулар енгізу жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заң жобасы мүмкіндік береді. Әйтсе де, жұмыс аптасын қысқарту барлық сала өкілдеріне бірдей қолжетімді болмауы да мүмкін екенін ескерген жөн. 

Uchet.kz мәліметінше, Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы (ұзақтығы тараптардың келісімімен белгіленеді) қарастырылған.

Сонымен қатар жекелеген өндірістерде әртүрлі аптада бір мезгілде 5  күндік және 4 күндік жұмыс аптасын белгілеу қажеттілігі туындап жатады:

1. «Жұмыс уақыты» деген 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытын ауыстыру құқығымен 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасымен кезектесе 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі»;
Осыған байланысты «Үстеме жұмыстардың ең көп саны» деген 78-баптың 2-тармағы бойынша 4 және 5 күндік жұмыс аптасына бөлінеді:

«2. Үстеме жұмыстың жалпы ұзақтығы – 4 күндік, 5 күндік және 6 күндік жұмыс аптасында – айына 12  сағаттан, жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленген кезде – жылына 120 сағаттан аспауға тиіс».
Тиісінше, 84-бапта 4 күндік жұмыс кестесімен демалыс күндері белгіленген.

5 күндік, 6 күндік немесе 4 күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып саналады. 5 күндік және (немесе) 4 күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібімен белгіленеді.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, 5 күндік жұмыс кестесімен бір апта, 4 күндік жұмыс кестесімен екінші апталық жұмыс режимін қолдануға болады. Бұл тәжірибе қазірдің өзінде кеңсе қызметкерлеріне қолданыла бастады және халықаралық еңбек стандарттарына сәйкес келеді.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз

Одна мысль на “Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы енгізілмек

Комментарии закрыты.